Алматы, 16 сәуір 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшысы, Компанияның Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (АЖЖЖ) 2019 жылғы нәтижелер бойынша 9 млрд. теңге мөлшерінде немесе бір қарапайым акция үшін 45 теңге немесе жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) төлеуге кеңес бергенін жариялайды.
Компанияның дивиденд саясатына сәйкес жай акциялар бойынша жылдық дивиденд мөлшері кемінде 50 пайыз және Компанияның өткен қаржы жылындағы таза ақша ағынының 100 пайызынынан аспайды (Операциялық және инвестициялық қызметтен түскен ақша ағындары). Компанияның таза ақша ағыны 2019 жылы 16,443 млрд. теңгені, ал таза пайда 10,117 млрд. теңгені құрағанын ескере отырып, Kcell Директорлар Кеңесі 2019 жылы дивидендтер төлеуге 9 млрд. теңге бағыттауды ұсынады.
Дивидендтер алуға құқылы Акционерлердің тіркелімін жабудың болжалды күні — Акционерлердің Жалпы жылдық жиналысы (АЖЖЖ) өткізілген күннен кейінгі бірінші жексенбі (Алматы уақытымен сағ. 00:00). Дивидендтер төлей бастаудың болжалды күні – дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізімін бекіткен күннен кейінгі күн және сексен күн ішінде.
Дивидендтің сомасы, дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізілімін жабудың болжалды күні және дивидендтерді төлей бастаудың болжалды күні АЖЖЖ-да Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.
АЖЖЖ өткізу күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.