«Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Алматы, 16 сәуір 2020 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғам Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 28 мамырда сағ.15:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің  жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Тимирязев к-сі, 2Г Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді бастау. 14:00 Алматы уақыты бойынша.

Қоғамның Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.

Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2020 жылдың 29 мамыры, Алматы уақыты бойынша. сағат 15:00-ге ауыстырылады.

Жылдық жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2020 жылдың 20 сәуірдегі қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.

Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.  Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа  қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:

1. «Кселл» АҚ  2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

2. «Кселл» АҚ есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

3. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар

Қоғам акционерлері Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй мекенжайынан ала алады. Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.

Байланыс деректері 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольТел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz
  
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersКей Ларсен, Галина КулачекТел: +44 207 457 2020

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top