Алматы, 4 мамыр 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялар нарығындағы жетекші оператор, Директорлар кеңесінің «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (бұдан әрі «Тараптар») арасында желіні бірлесіп пайдалану туралы үшжақты оператораралық келісім жасасу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Осы Келісім 250-ден 1000 адамға дейінгі елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен темір жолдарды қамтитын мобильді кеңжолақты қолжетімділік желісін салуға және пайдалануға мүмкіндік береді.
Әр Тарап 250 және одан да көп адам тұратын елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын және темір жолдарды қамту мақсатында Интернет желісіне мобильді кеңжолақты қол жеткізу желісін дербес құрып, басқарады және осы Келісімнің шарттарына сәйкес басқа Тараптарға олардың қамту аймағында желілік инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Желілік инфрақұрылым құрылысының көлемі «КаР-Тел» ЖШС пен «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін компаниялар арасында «КаР-Тел» ЖШС үшін 35 пайыз және «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін компаниялар үшін 65 пайыз үлесінде бөлінеді.
Келісімде Тараптардың желілік инфрақұрылымды құрайтын мүлікке ортақ иелік етуі немесе басқаруы қарастырылмаған.
Осы Келісім көтерме немесе бөлшек сауда саласындағы Тараптар арасындағы бәсекелестікті шектеуге арналмаған және нарықты бөлу туралы кез келген келісім болып табылмайды және әр Тарап көтерме және бөлшек сауда саласындағы өз қызметін өзі қажет деп тапқан ретте жалғастыруға толық құқылы.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.