«Кселл» АҚ 2020 жылы өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындыларын жариялайды

Алматы, 1 маусым 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2020 жылғы 28 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындыларын хабарлайды.

АЖЖЖ бірауыздан келесі шешімдерді қабылдады:

  1. «Кселл» 2019 жылғы таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:

1.1.  9 миллиард теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірістің 89 пайызы 2019 жылға дивидендтер төлеуге бағытталуы керек; қалдығы «Кселл» пайдалануына қалдырылсын.

1.2.  2019 жылдың соңына дивиденд мөлшері бекітілсін – бір жай акция немесе бір жаһандық депозитарлық қолхат («ЖДҚ») үшін 45 теңге.

1.3.  2020 жылғы 31 мамырында АЖЖЖ өткізген күннен кейін бірінші жексенбі күнгі 00 сағат 00 минут жай-күйі бойынша дивиденттерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бекітілсін.

1.4.  2019 жылдың қорытындысы бойынша сексен күн ішінде акционерлердің тізімін бекіткен күннен кейінгі жұмыс күні жай акциялар және ЖДҚ бойынша дивиденттерді төлеудің басталған күні болып белгіленсін. Төлем жүргізу тәртібі белгіленсін – біржолғы бір төлеммен.

1.5.  Мына мекенжай бойынша орналасқан «Кселл» АҚ жай акциялары мен ЖДҚ бойынша дивидендтер төлеу нысаны бекітілсін: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы, 100 үй. БСН 980540002879, БЖК HSBKKZKX IBAN KZ406017131000016045 «Қазақстан Халық банкі» АҚда, Кбе 17 – қаражатты банктік шоттарға аудару арқылы қолма-қол ақшасыз.

  1. «Кселл» АҚ-ның 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы Жеке және шоғырланған қаржылық есептері (ХҚЕС) бекітілсін. 

АЖЖЖ сондай-ақ «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы шешім қабылдады, бұл шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданды (дауыс беруге қатысқан Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 98,93 пайызы).

Анықтама үшін:

Kcell 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольTel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersTel: +44 207 457 2020
Кей Ларсен, Галина Кулачек 
  

 Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top