Құрметті абоненттер!
COVID-19 қатысты жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «Кселл» компаниясының Нұр-Cұлтан (Республика даңғ., 8)және Алматы қ. ( Әлімжанов к-сі, 51 және Алматы Мега-центр сауда орталығында) 15.06.2020 ж. бастап уақытша жабылады.
Компания қызметкерлер мен абоненттер арасында COVID-19 одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Қызмет көрсету мәселелері бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қ. басқа бөлімшелеріне немесе call-орталықтарға 9090 және 3030 нөмірлеріне хабарласа аласыз.
Абоненттік бөлімдердің (АБ) және дүкендердің барлық мекенжайларын мына жерден білуге болады.
Сіз үйден шықпастан төмендегілер арқылы тегін консультация алып, қызметтерді қоса аласыз:
– www.activ.kz www.kcell.kz сайттары
– 9090 және 3030 call-орталықтары
– мобильді қолданбары: My activ / My Kcell
– activ және Kcell ресми парақшалары: Facebook, Instagram
activ нөмірін сайтта тіркеп, қайта ресімдеуге болады: www.reg.activ.kz
Оған қоса, курьер арқылы тегін жеткізілетін телефондарды сатып алуға болатын www.activ.kz/shop онлайн дүкені жұмыс жасауда.
Естеріңізге сала кетейік, дүкендеріміз бен АҚ-ға барған кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, бетперде кию қажет.
Өз кезегінде біз бөлімшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпыға бірдей талаптарды ұстанамыз: қызметкерлердің барлығы бетпердемен жұмыс істейді, жабық үй-жайда адамдардың жиналуына жол берілмейді, қол санитайзерлері орнатылады, үй-жайларды дезинфекциялау жүргізіледі.