Алматы, 11 тамыз 2020 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, өзінің акционерлері мен инвесторларын 2020 жылғы 3 тамызда Компанияның Директорлар кеңесі «Кселл» АҚ Бас коммерциялық директоры, АҚ Басқарма мүшесі Насритдинходжаев Хикматулла Завихоллаевичпен тараптардың келісімі бойынша 2020 жылғы 04 шілдеден бастап еңбек заңнамасымен белгіленген айлық мерзімді жұмыспен өтетпестен еңбек шартын бұзу және Басқарма мүшесі ретінде өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Кукелис Каспарс – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 19-маусымына дейін
- Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 19-маусымына дейін
- Ельцов Сергей Валерьевич – Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 19-маусымына дейін
- Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры; уәкілеттік мерзімі 2021 жылдың 19-маусымына дейін
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.