Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар айына 1 325 615 шағын және орта бизнес субъектісі бар. ШОБ ең көбі Алматы қаласында – 191 мың және Нұр-Сұлтан қаласында – 134 мың, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында дамып, жұмыс істеуде. СҚО мен БҚО-да қолданыстағы ШОБ ең аз саны тиісінше 29,8 мың және 42,5 мың.
Өңірлерде шағын және орта бизнес санының ұлғаюына немесе азаюына географиялық орналасу, халық саны, өңірдің жалпы экономикалық даму жағдайлары, іскерлік белсенділік деңгейі және басқа да көптеген факторлар әсер етеді деп хабарлайды ресми дереккөз https://strategy2050.kz/ru/news/kak-malyy-i-sredniy-biznes-vliyaet-na-konkurentosposobnost-kazakhstana/
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, коронавирус пандемиясынан және билік енгізген шектеулерден 800 мыңнан астам ШОБ субъектілері зардап шеккен.
Атамекен ҰКП басшысының мәлімдемесі бойынша шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін 500 мыңнан астам кәсіпорын кезең-кезеңімен жұмысын қайта бастайды.
Бастан кешілген коронакризис елдің әрбір кәсіпкеріне әсер етті. Карантин кезеңінде шағын және орта бизнеске көмектесу үшін Кселл компаниясы Бизнес Марафон жобасын өткізді.
Іріктеу турынан 6 финалист өтті, олар жоба барысында бизнес-жаттықтырушы Александр Савельевтің кеңестерін алды. Жоба барысында кәсіпкерлер коронакризистің бизнес жүргізуге қалай әсер еткенін, алынған кеңестерді іс жүзінде қалай қолданғанын және Кселлдің қызметін пайдаланғанын айтып берді.
Жоба аяқталды, бірақ мобильді оператор бұл жолы LifeHacker пайдалы кеңестерінің айдарын іске қосу арқылы ШОБ-ты одан әрі қолдауды жалғастыруға шешім қабылдады. Айдар жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін пайдалы мақалалар мен пайдалы сервистерді көрсетеді. Ақпарат шоғырына батпау және іс жүзінде қолданылатын мазмұнды алу амалын сайттың осы бөлімінен таба аласыздар.
