2021 жылғы 15 қаңтардан бастап «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңына сәйкес төлеушілерді сәйкестендір

Құрметті Абоненттер!

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап төлемдер мен аударымдар бойынша заңды шектен асқан және/немесе мобильді нөмір теңгерімінен қолма-қол ақша алынған кезде (мобильді қаржы сервистері бойынша операциялар) төлеушілерді сәйкестендіруге қойылатын талаптар күшіне енеді.

Белгілі бір лимиттерге қол жеткізген кезде өз нөмірінің теңгерімінен операция жасау үшін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны ұялы нөмір теңгерімінен шығару операциялары бойынша Кселл абоненттері сәйкестендіруден өтулері қажет. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес абоненттерді сәйкестендіру рәсімін жүргізу үшін дербес деректерді ұсыну шарттары Мобильді қаржы қызметтерін көрсету қағидаларында («Кселл» АҚ қызметтер көрсетудің Жария шартына № 2 қосымша) көрсетілген.

Толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Құрметпен, Кселл АҚ

Scroll to Top