Алматы, «26» қаңтар 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2021 жылғы 26 қаңтарда өз акционерлері мен инвесторларының назарына облигацияларды ұстаушыларға ҰСН KZP01Y03F725 (ISIN KZ2C00004208, KASE негізгі алаңының ресми тізімі, «Облигациялар» санаты, KCELb1) негізгі қарызды, купондық сыйақыны төлегендігі туралы ақпаратты жеткізеді.
Тізілімді тіркеу күні (2021 жылғы 15 қаңтар) номиналдық құны 1000 (бір мың) теңге, купондық ставкасы 11,5% болатын 21 754 000 (жиырма бір миллион жеті жүз елу төрт мың) облигация орналастырылды.
Негізгі қарыз бойынша төлемнің жалпы сомасы 21 754 000 000 (жиырма бір миллиард жеті жүз елу төрт миллион) теңгені құрады. Купондық сыйақы бойынша төлемнің жалпы сомасы 1 250 855 000 (бір миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз елу бес мың) теңгені құрады.
Төлем Компанияның Облигацияларды шығару проспектісінің барлық талаптарына сәйкес жүргізілді.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.