Виталий Сорокин, кәсіпкер, өз оқиғасын баяндап берді:
Мен Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының Ванновка аулында (қазіргі Тұрар Рысқулов аулы) туып өстім. 18 жасыма дейін осы ауылда тұрдым, оқыдым, спортпен айналыстым, техникаға қызығып, шұғылдандым, рок-топтың мүшесі болдым, ата-анаммен бірге фермер шаруашылығын жүргіздім. Кейін, Алматы қаласында Азаматтық авиация академиясын бітіріп, пікірлестеріммен бірігіп қауіпсіздік және қолжетімділікті бақылау жүйелері бойынша өз фирмамды аштым.
Мен 12-ге жуық халықаралық жарыс, 4 республикалық және 120-ға жуық әуесқой серия өткіздім.
2020 жылы мен Т. Рыскулов аулына бөдене фермасын ашу үшін қайта оралдым. Менің барлық қызметім интернетті қолданумен тығыз байланысты. Бір таңқаларлығы, мен ауылда интернетті әлдеқайда көбірек қолданамын. Мен жануарлармен жұмыс істейтін болғандықтан, құстардың денсаулығы, оларды ұстау, өсіру, қалдықтарын өңдеу туралы ақпаратты үнемі қадағалап отыруым керек. Менің барлық қаражатым, барлық шоттарым да телефонда. Сонымен қатар, мен қаладағы шаруаларымды да қалдырмаймын, оларды қашықтықтан, мобильді интернетті арқылы жасап отырмын.
Барлық уақытты жолда өткізуге тура келетіндіктен менің смартфонымда тұтастай бір Кеңсе Бар, тіпті біреу емес.
Бұнда фермам да, спорт та, басқа да нәрселер бар. Жарайсыңдар, Kcell!
#250плюсkcellбағдарламасы
#интернет250плюсауылдаkcell
#бизнес250плюсkcell