Алматы, 1 наурыз 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор 2021 жылғы 26 ақпанда өткен Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКТЖЖ) қорытындыларын туралы хабарлайды.
АКТЖЖ күн тәртібі:
1. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы
АКТЖЖ бірауыздан келесі шешімдерді қабылдады:
1.1 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің ағымдағы құрамына акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі Серик Болатович Саудабаев сайлансын.
1.1.1 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі Серик Болатович Саудабаевтың өкілеттік мерзімдерін сайланған кезден бастап және 2019 жылғы 25 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (Хаттама № 12) анықталған «Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін орнатылсын.
1.2 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің ағымдағы құрамына акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі Тимур Тельманович Худайбердиев сайлансын.
1.2.1 «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі Тимур Тельманович Худайбердиевтің өкілеттік мерзімдерін сайланған кезден бастап және 2019 жылғы 25 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (Хаттама № 12) анықталған «Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін орнатылсын.
Компанияның Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы:
- Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Махат Рашит Мукарамович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- Инкарбекова Динара Жолшыбековна – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Попов Владимир Геннадьевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джери Калмис – тәуелсіз директор
- Есекеев Куанышбек Бахытбекович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
- Турлов Тимур Русланович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Фридом Финанс» АҚ өкілі;
- Саудабаев Серик Болатович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
- Худайбердиев Тимур Тельманович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.