Смартфондағы POS-терминал: бизнес үшін тиімді

Kcell Halyk Bank-пен бірлесіп бизнес үшін бірегей ұсынысты іске қосты. Сіз алдын ала орнатылған HalykPOS қосымшасы бар Samsung Galaxy A-сериялы смартфонды алдын ала орнатылған HalykPOS қосымшасымен Samsung Galaxy A31/A51 абоненттік құрылғыларын сату бойынша Samsung-пен бірлескен науқаны бойынша сатып ала алсыз. Науқандық смартфонды келісімшарт құнына байланыс қызметтері енгізілген «Келісімшарттық телефон» науқаны шеңберінде тиімді шарттармен ақысын бөліп төлеумен сатып алуға болады.

Неге мұндай ұсыныс бизнес үшін тиімді?

  1. Сіз бүгін алып, ақысын кейін бөліп төлеумен болатын толыққанды мобильді POS-терминалға ие боласыз. Келісімшарт бойынша Kcell-ден смартфон алған жағдайда интернет пен минуттар жинақпен бірге беріледі.
  2. Мобильділік. Дүкендер мен кеңселерде стационарлық POS-терминал орнатудың қажеті жоқ, сонымен қатар мобильді терминал әрқашан өзімен бірге болады, бұл тауарларды жеткізу кезінде өте маңызды.
  3. Мобильді терминал ешқандай шектеусіз жұмыс істейді: төлемдерді карталар мен смартфондармен қабылдауға мүмкіндік бар, Қазақстанда танымал барлық карталармен жұмыс жасау көзделген, төлемдерді аптаның кез келген күнінде тәулігіне 24 сағат қабылдауға болады.

Алдын ала орнатылған HalykPOS қосымшасы бар Samsung Galaxy A31/A51 абоненттік құрылғыларын сату жөніндегі Samsung-пен бірлескен науқан бойынша Samsung Galaxy A-сериясын рәсімдеу үшін 5869 нөміріне қоңырау шалып, pc@kcell.kz мекенжайына өтінім жіберу немесе жақын орналасқан Kcell бөлімшелері мен дүкендеріне хабарласу қажет.

Смартфондағы терминалдың тағы бір артықшылығы – операциялардың жылдамдығы. NFC технологиясының арқасында смартфондарда mPos-терминал (кәдімгі POS-терминалдардағы карталар қолданылатын құрылғы) қолданылмайды. Бар болғаны – қосымшаны іске қосу қажет. Технология кез келген бизнес үшін өте қолайлы: дүкендер (офлайн және онлайн), курьерлік қызметтер мен ательелер, сұлулық салондары мен спорт клубтары, көлік компаниялары мен өндірістік кәсіпорындар.

Ақшамен жұмыс істейтіндер үшін ең басты мәселе – қауіпсіздік. Әзірлеушілер егер бөгде біреу операция жасауға тырысса, онда барлық қаражат смартфонға, яғни сіздің немесе сіздің компанияңызға байланысты шотқа түседі деп сендіреді. Бағдарламалық жасақтаманы бұзу әрекеттері де бағдарламаның өзімен бірден бұғатталы.

Толық ақпарат: halykpos.activ.kz

Scroll to Top