Ешқандай көлік картасы мен қолма-қол ақшаның қажеті жоқ, телефоныңыз болса, болды!
Еліміздің жетекші мобильді операторы «Кселл» АҚ Kcell және activ абоненттері үшін Қостанай қаласында QR бойынша SMS төлем және төлем төлемдерін іске қосу туралы хабарлайды. Қоғамдық көлік жолаушылары өздерінің мобильдік теңгерімінің көмегімен жол ақысын төлей алады.
2505 қысқа нөміріне SMS жіберу қызметі немесе QR бойынша ақы төлеу – оператор тарапынан комиссиясыз тегін. Жол жүру құны Қостанай қаласының қоғамдық көлігі үшін белгіленген қалалық тарифке сәйкес келеді және абоненттің жеке шотынан алынатын 80 теңгені құрайды.
Қостанай қаласының жолаушылары «Visa QR-мен кэшбэк» науқаны аясында Kcell және activ қосымшаларында Visa QR арқылы жол жүру ақысын төлеген кезде теңгерімдеріне 25% дейін кэшбэк ала алады.
SMS арқылытөлеу үшін:
– Көлік ішіндегі жапсырмада көрсетілген кодты SMS арқылы 2505 қысқа нөміріне жолдау
– SMS арқылы электрондық билет алу қажет.
Кэшбэкті қалай алуға болады*?
- Kcell/activ қосымшасы арқылы қоғамдық көлік салонында орналасқан жапсырмадан Visa QR кодын сканерден өткізіңіз
- Төлемді растаңыз
- Нөміріңіздің теңгеріміне төлем құнынан 25% кэшбэк алыңыз.
Төлем жүргізілгеннен кейін Сізге 2505-тен SMS арқылы электрондық билет келеді.
Электрондық билетті тексерушіге көрсету қажет.
Көліктің коды қате жіберілген жағдайда абоненттің жеке шотынан қаражат алынбайды. Электрондық билет қоғамдық көлікпен бір сапарға жарамды.
Естеріңізге сала кетейін, теңгерімнен төлем ҚР-ның басқа қалаларында да қолжетімді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Талдықорған, Петропавл, Атырау. Жол ақысын төлегенде Сіз жолақы құнының 25% көлемінде кэшбэк аласыз!
Төлемді корпоративтік нөмірлерден жүргізу мүмкін емес.
*Кэшбэк бір абоненттік нөмір бойынша күніне (Visa QR арқылы төленетін) төрттен аспайтын сапарға ғана беріледі.
Толығырақ: https://qr.activ.kz/