Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ несие желісі мөлшерінің арттырылуы

Алматы, 1 сәуір 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ-мен 2023 жылғы 15 қазанға дейінгі несие мерзімімен және 10.7% жылдық сыйақы мөлшерімен несие желісінің мөлшерін 6 млрд.теңгеден 7 млрд.теңгеге арттыру туралы қосымша келісімнің жасалғанын хабарлайды.   

Байланыс деректері  
Инвесторлармен қарым-қатынасИрина ШольТел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz
  
   
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersКэй Ларсен, Галина Кулачек, Тел: +44 207 457 2020
  
  

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарлама жіберуді, мультимедиялық хабарламалар, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қосылуды қоса, деректерді беру қызметтерін ұсынады.  Компанияны нарықта екі бренд ұсынады: мақсатты аудиториясы корпоративті клиенттер (оның ішінде мемлекеттік органдар) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ.  Компания өзінің жоғары сапалы ұялы байланысы арқылы қызмет көрсетеді, ол Қазақстан Республикасының барлық дерлік аумағын қамтиды.

Болашақта компания өзінің желілік қамтуын кеңейту және сапалы байланыс қызметтерін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестиция салуды жалғастыруды жоспарлап отыр.  Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсыну, өнімдер мен қызметтердің түрін кеңейту, желінің сапасын қолдау және брендтік құнын арттыру арқылы ұялы байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтауға тырысады..

Scroll to Top