Құрметті абоненттер,
Енді Android операциялық жүйесі базасындағы смартфон иелері Play Market қосымшасының дүкенінен ойындар мен қосымшаларды ұялы нөмір теңгерімінен тікелей және комиссиясыз сатып ала алатынын қуана хабарлаймыз!
Бұл үшін «Play Market» қосымшасын ашып, ақылы қосымшаны немесе ойынды таңдап, бағасы бар пернені басып, «Kcell/activ» байланыс операторын қосу» опциясын таңдау, қызмет көрсету ережелерімен келісу және «Бір пернемен сатып алу» түймешігін басу қажет және төлем дереу жүргізіледі.
Теңгерімнен төлем жасау жылдам әрі ыңғайлы, өйткені мобильді теңгерімді толықтыру оңай!
Жаңалықтарымызды қадағалап жүріңіз, теңгерімнен төлем жасау тиімді болуы үшін кэшбэк есептелетін науқанды іске қосамыз!
Қызмет аванстық есеп айырысу тәртібіндегі жеке тұлғаларға ресімделген нөмірлер үшін ғана қолжетімді. Қызмет туралы толығырақ.
Сіздің Kcell.