Алматы, 20 мамыр 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор 2025 жылғы 19 мамырға дейінгі қолжетімділік кезеңімен 2026 жылғы 19 мамырға дейінгі мерзімге жылдық 10,7% мөлшерінде сыйақы төлей отырып, кредиттік лимитті 14 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін ұлғайту туралы Альфа-Банк АҚ ЕБ-мен қосымша келісім жасасқанын хабарлайды.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланысИрина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif PartnersГалина Кулачек | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.