Депозитарлық келісімнің және Жаһандық Депозитарлық Қолхаттар («ЖДҚ») бағдарламасының тоқтатылуы

Компанияның Жаһандық Депозитарлық Қолхаттарының Біріккен Корольдіктің қаржылық реттеу және бақылау басқармасының Ресми Тізімнен делистингі және Лондон Қор Биржасының негізгі нарығында олардың сауда-саттығын тоқтату және Ресми Тізімнен Жаһандық Депозитарлық Қолхаттардың делистингі және оларды Astana International Exchange-де сауда-саттыққа жіберуді тоқтату, сондай-ақ Депозитарлық қолхаттың тоқтатылуы

Алматы, 14 маусым 2021 жыл.

«Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Кселл» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор ЖДҚ депозитариі («Депозитарий») ретінде әрекет ететін Deutsche Bank Trust Company Americas пен Компания арасындағы 2012 жылғы 23 қазандағы өзгерістермен және толықтырулармен депозитарийлік шарт («Депозитарлық шарт») және ЖДҚ бағдарламасы 2021 жылғы 12 маусымда тоқтатылатынын жариялайды. Бұл хабарлама Компанияның 2021 жылғы 13 сәуірде Депозитарийге Депозитарлық шартты тоқтату туралы 60 күндік хабарлама беру туралы 2021 жылғы 14 сәуірдегі хабарламасынан келіп шығады.

ЖДҚ листингін және саудасын тоқтату

Компанияның 2021 жылғы 13 маусымдағы Қаржылық реттеу және бақылау басқармасына («ҚРББ») Ресми Тізімде ЖДҚ  стандартты листингін тоқтату туралы және Лондон Қор Биржасына («ЛҚБ») ЛҚБ-да негізгі нарықтағы сауда-саттыққа ЖДҚ жіберуді тоқтату туралы хабарламалар беруге қатысты хабарламасының жалғасы ретінде Компания ЛҚБ-нан Делистинг 2021 жылғы 14 маусымда таңғы сағат 8.00-де (Лондон уақытымен) күшіне енді деп хабарлайды.

Ресми Тізімнен ЖДҚ делистингі туралы өтініш беруге, сондай-ақ олардың Astana International Exchange-де сауда-саттығын тоқтатуға («AIX-тен делистинг») қатысты Компанияның сол күнгі хабарламасының жалғасы ретінде Компания сондай-ақ АIX-тен делистинг бүгін, 2021 жылғы 14 маусымда 13:00-де (Алматы уақытымен) күшіне енгенін хабарлайды.

Анықтама үшін:

Kcell

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

Амина Даирбекова                                           Tel: +7 701 211 6040

                                                                               Pressa@kcell.kz

Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольTel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz
Шетел БАҚ 
Instinctif PartnersTel: +44 207 457 2020

Компания туралы 

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top