Қазақстандағы жетекші мобильді оператор Kcell және Ұлттық пошта операторы ауыл тұрғындарына онлайн сауданы барынша қолжетімді етеді және өз клиенттері үшін жаңа сервистерді дамытады. Осы мақсатта «Кселл» АҚ басшысы Юрий Харламов пен «Қазпошта» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар бірінші кезекте ауылдық жерлерде және аудан орталықтарында тұратын қазақстандықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.
Атап айтқанда, ауылдар мен аудан орталықтарында Қазпоштаның пошта бөлімшелерінде тұрғындар «Кселл» ұсынған «Келісімшарттық телефон» қызметі бар смартфондарға онлайн тапсырыс бере алады. Енді смартфон сатып алу үшін жақын қалаларға барудың қажеті жоқ. Ауыл тұрғындарына «Кселл» компаниясынан қызмет көрсету топтамасы бар гаджеттерді сатып алудың ыңғайлы нұсқалары ұсынылады.
Сондай-ақ Post.kz сайты немесе Post.kz мобильді қосымшасы, activ және Kcell сайттары мен мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушылар Kcell интернет-дүкенінен тауарларға тапсырыс бере алады. Кез келген онлайн-сатып алуды Қазпошта жеткізіп береді. Өнімдер шалғай және шағын ауылдарды қоса алғанда, Қазақстанның кез келген нүктесіне жеткізіледі. Агенттік және пошта қызметтерінің осы түрлерін жүзеге асыру ұлттық операторға ауыл тұрғындарына цифрлық өнімдерге тең шарттарда қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Кселл» және Қазпошта ағымдағы жылдың соңына дейін Kcell қызметтерін пайдаланушылар үшін жаңа опция енгізуді көздеп отыр: Kcell/activ ұялы телефонының теңгеріміндегі қаражатқа Қазпоштаның Post.kz ұялы қосымшасында төлем карталарын ұстаушыларға қол жеткізу
Kcell CEO Юрий Харламов былай деп атап өтті:
«Біз еліміздің барлық тұрғындары үшін бұдан да қолжетімді және ыңғайлы болуға ұмтыламыз. Пандемияның ауыр кезеңінде біз онлайн сатуға ерекше көңіл бөлдік және қателеспедік, өйткені бұл біздің абоненттер үшін өте қажетті әрі ыңғайлы қызмет болып шықты. Егер бұрын онлайн сатып алуды негізінен ірі қалалардың тұрғындары жасаса, қазір бізде ауылдық жерлерден сатып алушылар көбейіп келеді. «Kcell» қатысатын «250 +» жобасының арқасында мобильді кең жолақты интернет 250 адамнан тұратын Қазақстан ауылдарына келеді, енді ауыл тұрғындары онлайн қызметтерді қала тұрғындарымен бірдей пайдалана алады. Ал біздің «Қазпоштамен» ынтымақтастығымыздың арқасында тауарларды еліміздің ең шалғай елді мекендеріне жеткізу барынша қолжетімді, тезірек және сенімді болады. Біз үшін абоненттеріміздің өздерін жайлы сезінуі өте маңызды және біз сервистеріміздің деңгейін көтеру бойынша үнемі жұмыс істеудеміз».
Айта кету керек, Кселл мен Қазпошта ынтымақтастығының бірлескен жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.
«Қазпошта цифрлық трансформация аясында қызметтерді жетілдіруге және электрондық сауданың әлеуетін дамытуға басымдық беріп отыр. Оған біздің және әріптесіміздің ресурстар синергиясы өзінің септігін тигізеді. Маркетплейстер, Fullfilment-орталықтар және пошта-логистикалық қызметтер негізінде бірлесе әрекет ету арқасында толық кешенді сервистің экожүйесі қалыптасады. Бұл ретте бірінші кезекте ауыл мен аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға назар аударылған. Бүгінде біздің сайтымызда және мобильді қосымшамызда «маркетплейстер витринасын» қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Оның арқасында шалғай ауылдың тұрғындары өздеріне қажетті тауарларды таңдап, олардың жеткізілуіне тапсырыс бере алады», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
«Кселл» АҚ
баспасөз қызметі