Алматы, 7 желтоқсан 2021 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») акционерлік қоғамы (KASE, AIX: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі 2021 жылғы 6 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қ. Әлімжанов к-сі мекенжайында өткен Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының («АКТЖЖ») қорытындыларын туралы хабарлайды.
АКТЖЖ күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы
АКТЖЖ бірауыздан келесі шешімдерді қабылдады:
1. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына келесі тұлғаларды сайлау:
Найзабеков Тимур Курмангазиевич мырза, тәулесіз директор.
Рамазанов Ермек Туржигитович мырза, тәуелсіз директор.
1.2. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері, Найзабеков Тимур Курмангазиевичтің және Рамазанов Ермек Туржигитовичтің өкілеттік мерзімдерін сайланған кезден бастап және 2019 жылғы 25 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (Хаттама № 12) анықталған «Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін орнатылсын.
1.3. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Найзабеков Тимур Курмангазиевичтің және Рамазанов Ермек Туржигитовичтің жылдық орнықты және жылдық қосымша сыйақы мөлшері «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2019 жылғы 29 мамырдағы шешіміне (№ 13 хаттама) сәйкес анықталсын.
1.4. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Найзабеков Тимур Курмангазиевичтің және Рамазанов Ермек Туржигитовичтің сыйақысын төлеу мен шығындарын өтеу шарттары «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғандары үшін «Кселл» АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 29 мамырдағы жалпы жиналысында бекітілген сыйақы төлеу мөлшері мен шарттары туралы ережеге сәйкес анықталсын.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.