Алматы, 9 желтоқсан 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, AIX: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, өз акционерлері мен инвесторларын 2021 жылдың 8 желтоқсанында Компанияның Директорлар кеңесі «Кселл» АҚ Басқармасының құрамына Нурпеисова Дина Кожахметовнаның сайлау туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
- Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры.
- Есеркегенов Аскар Алибекович – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
- Гасанова Севиль Эюповна – Басқарма мүшесі, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор;
- Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Нурпеисова Дина Кожахметовна – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.