Kcell ұялы байланыс цифрлық операторы App Store, Apple Music және Apple TV сервистеріндегі сатып алуларды мобильді телефон шотынан төлеу қызметтерін іске қосуда. Қызмет 9 желтоқсанда қолжетімді болады. Қарапайым аутентификациядан және мобильді нөмірді төлем көзі ретінде байланыстырғаннан кейін Kcell абоненттері Apple қосымшаларының экожүйесінен музыка, кино мен кітаптарды бір пернемен-ақ сатып ала алатын болады.
9 желтоқсаннан бастап Kcell* абоненттері App Store, Apple Music, Apple TV +, Apple Arcade және iCloud қоймасында сатып алуларды мобильді телефон шотынан төлей алады. Қызметті іске қосу Kcell абоненттерінің сандық қаржылық және ойын-сауық қызметтеріне деген сұранысының артуына жауап беріп, Apple құрылғыларының оператордың желісіне көбірек енуіне ықпал етеді. Осы жылдың 3 тоқсанында 400,000-нан астам абонент Kcell/activ теңгерімінен сатып алулар мен сервистерді төледі.
Сервис барлық Kcell топтамалық тарифтерінің пайдаланушыларына қолжетімді. Қызметті іске қосу өте оңай – клиенттерге Apple ID арқылы аутентификациядан өту және телефон реттеулерінде App Store, Apple Music және Apple TV-да контентті төлеу тәсілі ретінде «Мобильді телефон шотын» таңдау жеткілікті. Төлемнің жаңа тәсілі автоматты түрде іске қосылады, содан кейін клиент кез келген Apple құрылғысынан бір пернемен-ақ сауда жасай алады.
Мария Аверченко, Kcell коммерциялық директоры: «Біздің 1 миллионнан астам клиентіміз көп жылдар бойы телефон есебінен қоғамдық көліктерде жол ақысын, коммуналдық қызметтерді, көлік тұрағын, виртуалды ойындарды төлеп, сатып алып келеді. 2021 жылы компанияның кіріс көлемі 2020 жылдың ұқсас көрсеткішінен 2 есе асып түсті. Біздің клиенттеріміздің 60% -дан астамы мобильді теңгерімнен бірден бірнеше сервисті төлейді. Біз абоненттеріміздің өмірін барынша жайлы етуге ұмтыламыз, қызметтердің тізімін үнемі толықтырып отырамыз, OGO Bonus адалдық бағдарламасын дамытудамыз. Сонымен қатар, біздің желіде Apple құрылғыларын пайдаланушылар саны артып келеді – біз абоненттерден Kcell шотынан компанияның қызметтеріне ақы төлеу сервисін енгізу сұранымын жиі аламыз және клиенттерге ыңғайлы шешім ұсынуға қуаныштымыз. Енді қосымшаларға, музыкаға және басқа да Apple контентіне оңай және қауіпсіз төлем жасау үшін реттеулерге шамалы өзгеріс енгізу жеткілікті».
Kcell шотынан төлемді реттеу жөніндегі нұсқаулық:
- Реттеулер >iTunes Store және App Store ашамыз.
- Өз Apple ID-імізді таңдап, тіркеулік жазба паролін енгіземіз.
- Төлем және жеткізу бөліміне өтеміз.
- «Төлем тәсілін қосу» пернесін басамыз.
- Мобильді телефон жиегіне Kcell/activ телефоныңыздың нөмірін енгіземіз.
- SMS-те алынған тексеру кодын енгіземіз.
Енді сізге App Store және iTunes Store сатып алуларын теңгерімнен төлеуге болады. Сізден тек «Сатып алу» пернесін басу қажет болады. Жеңіл, қауіпсіз және комиссиясыз.
Kcell абоненттері iTunes-та қосымшалар мен өзге де сатып алуларды өздерінің дебеттік немесе несиелік карталарын байланыстырмай, соманы мобильді телефон теңгерімінен есептен шығару үшін телефон нөмірін байланыстыру арқылы төлей алады. Осылайша, Apple Music, iTunes, App Store және iBooks сатып алу сомасы енді тікелей мобильді телефон теңгерімінен алынатын болады.
Kcell/activ абоненттері шоттан төлем жасаған кезде жинақталған бонустарды OGO Bonus бағдарламасы шеңберінде пайдалана алады.
Жақында Apple Music, iTunes, App Store және iBooks-тағы әр сатып алуға Kcell абоненттерге сатып алу сомасының 50%-на дейінгі мөлшерде бонустармен сыйақы төлейтін болады.
*Сервисті Kcell корпоративтік клиенттері пайдалана алмайды.