Қазақстанда алғашқы 5G қаласы ашылуда

Түркі әлемінің астанасы Түркістанда Қазақстандағы алғашқы 5G-қаланың ресми іске қосылуы өтіп жатыр. Серіктестік аясында ауқымды жобаны ұлттық цифрлық операторы Kcell және телекоммуникациялық жабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ericsson компаниясы жүзеге асыруда.

Kcell мен Ericsson Қазақстан Республикасында 5G технологияларын дамытуды жеделдету туралы стратегиялық келісім жасасты. Келісім аясында компаниялар республикада озық технологияларды – Түркістан қаласындағы бірінші 5G коммерциялық алдындағы аймақты дамытудың жаңа кезеңін ашуда.

Юрий Харламов, Kcell АҚ бас атқарушы директоры:

«Қазақстанда 5G желісін өрістету цифрлық экономика өсімінің қозғаушы күшіне айналмақ. Жаңа буын желісі жасанды интеллектуалды дамытуды, заттардың өнеркәсіптік интернетін (IoT), smart city тұжырымдамасын, бұлтты есептеулер мен Big Data жұмысын жеделдетеді. Бүгінгі таңда Түркістанның барлық тарихи орталығын қамтитын 8 outdoor-станция дайындалып, толық жұмыс істеуде. Бұл қаланың стратегиялық маңызды және туристік нысандары: қалалық Әкімдік, Конгресс Холл, Түркістан Арена стадионы, автовокзал, Фараб орталық кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы және т.б. Outdoor-дан басқа әуежай, Kcell абоненттік бөлімі, Rixos қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда 5G сайттарын орнату жоспарланған. Бүгіннен бастап Kcell және activ абоненттері жаңа буын желісінде деректерді жіберу мүмкіндігі бар көптеген смартфон модельдерінен  5G желісіне қосыла алады».

Қазақстан үшін бұл – Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған жаңа буын байланысының телекоммуникациялық стандарты – 5G жабыны қамтамасыз етілген тұтастай бір қаланың тарихтағы алғашқы іске қосылуы. Ол «Қазақтелеком» АҚ дамыған инфрақұрылымының арқасында мүмкін болды.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі Тимур Худайбердиевтің айтуынша: «Компаниялар тобы 5G саласындағы көптеген сынақтардан кейін өзінің саладағы технологиялық көшбасшы мәртебесін тағы да растады. 5G технологиялары әлдеқайда жоғары өткізгіштік қабілетін қамтамасыз етеді, құрылғылар арасындағы аса сенімді кең ауқымды байланыс жүйелерін құрады, сондай-ақ сигнал кідірісі уақытының әлдеқайда аз болуына кепілдік береді. Бұл технология бизнесті, қалаларды, денсаулық сақтау саласын, мемлекеттік секторды өзгертеді. Түркістан үшін бұл – үлкен деректерді талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдау және қызметі толығымен автоматтандырылатын «ақылды өндірістерді» құру мүмкіндігі бар «ақылды қала» элементі мен Заттар интернеті (IoT) қағидатының дамуындағы жаңа кезең. Мұндай технологиялық серпіліс «Қазақтелеком» тобының  Ericsson компаниясымен тиімді ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.»

Мобильді технологиялар біздің өміріміз бен жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Пандемия өз кезегінде көптеген салаларда цифрландыруды жеделдетті. Соңғы 10 жылда мобильді трафик 300 есеге өсті, ал 5G технологиясы байланыс тарихындағы ең жылдам дамып келе жатқан технологияға айналып отыр. Ericsson Mobility Report 2021 есебіне сәйкес 2027 жылдың соңына қарай 5G желілерінде 4,4 млрд қосылым болады, бұл – әлемдегі барлық мобильді қосылымдардың жартысына жуығы.

Бүгінгі таңда телекоммуникация – мемлекеттік инфрақұрылымның маңызды нысандарының бірі, оны дамыту қоғамның, бизнес пен өнеркәсіптің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 5G желісінің айналасында тұтастай бір экожүйе қалыптасып, жаңа буын байланысы негізінде технологиялар таяу жылдары қарқынды дамитын болады. 5G технологиялары абоненттер арасында да, өндірістік кәсіпорындарда да басқару мен бақылаудың алуан түрлерін, жабдықтар мониторингін және процестерді автоматтандыруды енгізу үшін сұранысқа ие болады.

«Ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында біз Kcell-ге ең жаңа 5G телекоммуникациялық технологияларын енгізу жолында қуана қолдау көрсетудеміз. Болашақта 5 жыл көлемінде 5G желілерінің әрекет ету аймағында бесінші буын байланысына мобильдік қосылыстардың шамамен 50% -ы және смартфондардың әлемдік трафигінің 62% -ы тиесілі болады. Kcell-мен бірлескен жоба Қазақстандағы цифрлық экожүйені одан әрі дамыту үшін техникалық негіз болады және абоненттер үшін де, бизнес үшін де жаңа технологиялардың қолжетімділігін арттырады», – деп атап өтті Шығыс Еуропа және Ericsson компаниясының Орталық Азия өңіріндегі радио және көлік желілерін дамыту жөніндегі вице-президенті Анатолий Ильяич.

Ericsson-да 5G желілерін енгізуге арналған техникалық шешімдердің толық спектрі, сондай-ақ оларды енгізу және біріктіру тәжірибесі бар. Ericsson Radio System замануи жабдығы мен Ericsson-ның басқа да инновациялық әзірлемелерінің арқасында Kcell желісі жаңа қызметтер мен сервистерді іске қосуға дайын. Ғимараттар ішін 5G-мен қамту Ericsson Radio DOT System шешімі арқылы қамтамасыз етіледі, ол желінің өткізгіштік қабілетін арттырады және байланыстағы үзілістерді болдырмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:Максим ОларьKcell АҚ PR-директорыМоб.: +7 701 211 03 02E-mail: maxim.olar@kcell.kzЮлия БрольУкраина мен ТМД-да Ericsson маркетинг және коммуникациялар жөніндегі менеджеріМоб.: +38 067 466 04 48E-mail: yulia.brol@ericsson.com 

Kcell компаниясы туралы

Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.

ERICSSON компаниясы туралы

Ericsson операторларға коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Компания байланыс желілеріне арналған шешімдер мен технологияларды, цифрлық қызметтерді, кеңейтілген техникалық қолдау қызметтері мен желілерге қызмет көрсетуді ұсынады, сондай-ақ бизнестің жаңа бағыттарын дамытуды қолдайды. Біз клиенттерге цифрлық қызмет көрсетуге, бизнестің тиімділігін арттыруға және жаңа табыс көздерін ашуға көмектесеміз. Ericsson-ның дауыстық байланыс және мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметтеріне инвестициялары әлемнің әр түрлі елдеріндегі миллиардтаған адамға пайдасын тигізуде. Компания акциялары Стокгольмдегі NASDAQ биржасында және Нью-Йорктегі NASDAQ биржасында бағаланады. Толығырақ ақпаратты www.ericsson.com сайтынан алуға болады.

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Муллашев Дамир Шамильевич 2003 жылы Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтын (ҚМЭиБ) бітірген. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі - қаржы саласында 20 жыл, оның ішінде 13 жыл басқарушы позицияларда. Мансабын банк секторында бастаған, 2007 жылдан бастап инвестициялық банкте және 2013 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген. Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесін 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы қызметінен бастады. M&A мәмілелерін жасау, телекоммуникациялық активтерді басқару және борыштық және үлестік қаржыландыруды тарту бөлігінде корпоративтік қаржыда үлкен тәжірибесі бар. Дамир Шамильевич Kcell-ге 2022 жылдың қыркүйегінде Бас қаржы директорының орынбасары ретінде қосылды, ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Бас қаржы директоры міндетін атқарды.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Цой Ольга Вячеславовнаның ҚМЭиБ-де алған жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі - коммерциялық секторда түрлі салаларда 17 жыл, оның ішінде 13 жыл басқару позицияларында: 3 жыл FMCG және retail, 8 жыл телекоммуникация саласында, 3 жыл консультациялық бизнесте (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Ибраев Данияр Кадылханович – ҚР ҰҚК Әскери институтының (қазіргі уақытта - ҰҚК Шекара қызметінің академиясы) «Электр байланысы инженері» мамандығы бойынша түлегі, оны 2000 жылы бітірген, әрі қарай 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, «құқықтану бакалавры» біліктілігіне ие болған. 2020 жылдан бастап «Кселл» АҚ-да Стратегиялық даму департаментінің кеңесшісі, одан кейін Қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да еңбек еткен, бұл кезеңге дейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Бас корпоративтік директор

Азамат Уйсумбаев соңғы 12 жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - Қаржы бақылаушысы және «KT Cloud Lab» ЖШС коммерциялық директоры. Телекоммуникация саласына келгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Экономика және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Мәскеу қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МРА&МВА магистр дәрежесіне ие. «Цифрлық Трансформация көшбасшылары» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады. Қазіргі таңда Nazarbayev University-де Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.

Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор

Амардинов Малик Алимжановичтің2 жоғары білімі бар 2008 жылы «Алатау» Қазақстан университетінің Банк ісі академиясын, Қаржы факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжБҚ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі - АТ-да 16 жыл, оның ішінде 12 жыл банк секторында басшы орындарда. Соңғы атқарған қызметтері - Fortebank атқарушы директоры және Fortebank Бас АТ сәулетшісі.

Басқарма Төрағасы, Бас атқарушы директор

Узбеков Асхат Архатович 2000 жылы «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған «Тұран» университетінің түлегі болып табылады. Ол 2022 жылы London Business School-да Executive MBA алды. 2005 жылға дейін Асхат Узбеков «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Салық салу және аудит бөлімдерінде жұмыс істеді, келесі жеті жыл ішінде, 2012 жылдың басына дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазынашылық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды, содан кейін 2 жыл бойы, 2014 жылдың желтоқсанына дейін, «KMG EP International» (Нидерланды) компаниясында қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Асхат Узбеков «Қазақтелеком» АҚ жүйесіне 2015 жылдың қаңтарында келіп, қызметін еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторында қаржы департаментінің директоры қызметінен бастады, 2015 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - бас қазынашысы болды. 2016 жылғы қаңтарда Узбеков мырзаның лауазымдық өкілеттіктеріне «Қазақтелеком» компаниялар тобының қаржылық бақылаушысы міндеттері қосылды, ал 2016 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін ол компанияның бас қаржы директоры лауазымын атқарды. 2018 жылы «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу бойынша мәміле оның қатысуы арқылы жүзеге асырылды.

Кишкимбаева Алия 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

2019 жылдан бастап Кишкимбаева ханым «Қазақтелеком» АҚ Құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. Кишкимбаева ханым «Әділет» Жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген.  

Кишкимбаева ханымның телекоммуникация саласында, сондай-ақ мұнай инфрақұрылымы саласында мол тәжірибесі бар.  Бұрын «Кселл» АҚ, ПетроҚазақстан Инк., "AralParker” ҚАСП ЖАҚ-та жұмыс істеген.

Лезговко Александр 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

А. Лезговко мырзаның телекоммуникация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1999 жылдан «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. 2007 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Бас техникалық директоры қызметін атқарды.  

А.Лезговко мырза Алматы энергетика институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағына ие болды.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Пиетари Кивикко 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Кивикко мырзаның телекоммуникация саласында көп жылдық тәжірибесі бар, ол TeliaSonera және Tele2 басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Ресейдегі Paroc Owens Corning Insulation Materials басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Fexcon Consulting компаниясының басқарушы директоры. 

Кивикко мырзаның Экономика және іскерлік әкімшілендіру мектебінің (University of Turku) Түрку, Финляндия, басқару есебі, коммерциялық құқық және маркетинг мамандығы бойынша Магистр дәрежесі бар.

2023 жылғы 29 қарашадан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Жамалов мырзаның қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ, ING Bank N.V., Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Лондон кеңсесінде үлкен тәжірибесі бар. Қазіргі таңда Қазақстандағы голландиялық ING Bank N.V. өкілдігінің басшысы қызметін атқарады. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карлов Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер Есенов Галимжан Шахмардановичтің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Қазіргі таңда Керейбаев мырза «Jusan Mobile» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.