Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанда Интернет өшірілген болатын. Ел азаматтары әдеттегі қарым-қатынас құралдары – мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге қол жеткізу мүмкіндігінен айырылды. Олардың орнына SMS және дауыстық қоңыраулар келді.
Қазақстандық Kcell операторының сарапшылары елде Интернет қолжетімсіз болған күндері абоненттердің қанша мәтіндік хабарлама жібергенін есептеді.
7-9 қаңтар аралығы рекордтық SMS саны жіберілген күндер болды. Мәселен жиынтық түрде, 7 қаңтарда – 51 млн 120 мың 435, 8 қаңтарда – 70 910 322, ал 9 қаңтарда – 67 278 926 хабарлама жіберіліпті.
Салыстыру үшін, орташа есеппен Kcell және activ абоненттері 2021 жылдың желтоқсанында елде желіге қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты қиындықтар болмаған кезде 15 млн-ға жуық мәтіндік хабарлама жіберген. 8 қаңтарда қазақстандықтар қалыпты күнге қарағанда 55 млн-ға көп SMS жіберген.
Шығыс SMS сервисі бойынша ең жоғарғы мәнге 8 қаңтардан 9 қаңтарға дейін қол жеткізілді және сағатына 3,6 млн хабарламаны құрады, бұл кәдімгі күнгі орташа мәннен 116 есе артық.
Дауыстық қосылыстар кезінде өндірілетін трафикке келетін болсақ, мұнда да рекордтар қойылды.
5-10 қаңтар аралығында абоненттер 2021 жылғы желтоқсанда бір күнгі орташа көрсеткіштен шамамен 75%-ға артық дауыс трафигін өндірді. Ең қарбалас күн – бейсенбі, 6 қаңтар және ол 88% -ға өсті.
Абоненттерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету – Kcell ұжымының басты бағыты. Компания қызметкерлері SMS-ті жеткізу кезінде кідіріс болмауы және дауыстық қоңырау шалу кезінде желіге шамадан тыс жүктеме түспеуі үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардан хабарландыруларды жеткізуде кідірістер болмауы үшін тәулік бойы жұмыс істеді.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық Kcell және activ абоненттеріне 300 минут байланыс пен SMS 200 берілген.