2022 жылғы 21 ақпанда сағат 11.00-де «Кселл» АҚ KASE-мен бірлесіп «Эмитент күні» жобасы аясында басшылықпен онлайн-кездесу өткізеді.
Тақырыбы: “Компанияның 4 тоқсандағы және бүкіл 2021 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелеріне шолу”.
Спикерлер:
– бас атқарушы директор Юрий Харламов;
– бас коммерциялық директор Мария Аверченко;
– бас қаржы директоры Дина Нурпеисова;
– инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер Ирина Шоль.
Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін өткізіледі.
Тіркеуге арналған мейл: customer@kase.kz.
Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM онлайн-кездесуге сілтеме (шақыру) жіберіледі.