Алматы, 15 сәуір 2022 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі, Директорлар кеңесінің мүшесі тәуелсіз директор Найзабеков Тимур Курмангазиевичтің Қоғамды 2022 жылғы 14-сәуірден бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамынан шығатыны туралы хабардар еткенін мәлімдейді.
Кселл Директорлар кеңесінің ағымдағы мүшелері:
- Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Инкарбекова Динара Жолшыбековна – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Калмис Джери – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Рамазанов Ермек Туржигитович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Есекеев Куанышбек Бахытбекович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
- Саудабаев Серик Болатович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
- Худайбердиев Тимур Тельманович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі
- Турлов Тимур Русланович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Фридом Финанс» АҚ өкілі.
Анықтама үшін:
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.