Алматы, 19 сәуір 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Компания» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторларының бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді бастау. 10:00 Алматы уақыты бойынша.
Қоғамның Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2022 жылдың 31 мамыры, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2022 жылдың 19 сәуірдегі қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау туралы.
- «Кселл» АҚ 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- «Кселл» АҚ есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы;
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы;
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттары туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы;
- Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй мекенжайынан ала алады. Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 7012111202Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.