Алматы, 2022 жылғы 20 қыркүйек «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, Компанияның Директорлар Кеңесі 2022 жылғы 15 қыркүйекте өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасын дивидендтер түрінде бөлу жөніндегі мәселені қарауды 2022 жылғы 1 қарашаға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. Осы мәселені қарау үшін Компанияның 2022 жылғы 9 айындағы қызметінің қорытындыларын назарға алу және орта мерзімді перспективада (2023-2025) инфрақұрылымды дамыту және инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі жоспарларды аяқтау қажет.
Мәселе акционерлердің 2022 жылғы 19 мамырдағы Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының (№21 хаттама) тапсырмасына сәйкес Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды: «2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне өткен кезеңдердегі бөлінбеген пайданы бөлу жөнінде ұсынысты беру тапсырылсын».
Байланыс деректері
Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
Ирина Мартинез
тел: +7 7012111202
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.