Алматы, 8 қараша 2022 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторларының бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.
Компания Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2022 жылғы 22 желтоқсан, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2022 жылғы 14 қарашадағы (Алматы уақыты бойынша 00:00) қалпында Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- Есеп комиссиясының құрамы туралы.
- «Кселл» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- 2022-2024 жылдарға арналған «Кселл» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері кезектен тыс жалпы жиналысын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй мекенжайынан ала алады. Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.