«Алматы, 2023 жылғы 20 наурыз. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе«Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекшіоператорлардың бірі, жобаны іске асыру телекоммуникация нарығында компанияның ұзақмерзімді бәсекелестік даму келешегі үшін стратегиялық маңызы бар «Қазақстан Республикасында бесінші буынды (5G\IMT) ұялы байланысын енгізу және дамыту» стратегиялық жобасын іскеасыруға байланысты, 2023 жылғы ақша ағынына жобаны іске асыру телекоммуникациянарығында жүктемеге әкелетінін ескере отырып, Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпыжиналысына 2022 қаржы жылында түскен таза пайданы бөлмеуге және «Кселл» АҚ жайакциялары бойынша дивидендтерді төлемеуге кеңес береді.»
Компания туралыKcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықтыбайланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қолжеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды,жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды(machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулерсаласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тарифсервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка,кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақкорпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасындабәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды.Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялықтехнологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTEжелісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды жәнеқызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелітелекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтеріменұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтергеқатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасынбасқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.