Алматы, 16 маусым 2023 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын 2023 жылдың 13 маусымында Қоғамның директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағанын хабарлайды:
«Кселл» АҚ Басқарма мүшесі ретінде Бас қаржы директоры Муллашев Дамир Шамильевич 2023 жылғы 14 маусымнан бастап 2026 жылғы 11 мамырға дейін қоса алғанда сайлансын;
«Кселл» АҚ Басқарма мүшесі ретінде Бас коммерциялық директор Цой Ольга Вячеславовна 2023 жылғы 14 маусымнан бастап 2026 жылғы 11 мамырға дейін қоса алғанда сайлансын.
«Кселл» АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:
1. Узбеков Асхат Архатович – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор;
2. Уйсумбаев Азамат Даулетович – Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор;
3 Ибраев Данияр Кадылханович – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор.
4. Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор;
5. Амардинов Малик Алимжанович – Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор.
6. Цой Ольга Вячеславовна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
7. Муллашев Дамир Шамильевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры.
Басқарманың жаңа мүшелерінің қысқаша өмірбаяндары төменде келтірілген:
Муллашев Дамир Шамильевич 2003 жылы Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтын (ҚМЭиБ) бітірген.
Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі – қаржы саласында 20 жыл, оның ішінде 13 жыл басқарушы позицияларда. Мансабын банк секторында бастаған, 2007 жылдан бастап инвестициялық банкте және 2013 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген. Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесін 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы қызметінен бастады. M&A мәмілелерін жасау, телекоммуникациялық активтерді басқару және борыштық және үлестік қаржыландыруды тарту бөлігінде корпоративтік қаржыда үлкен тәжірибесі бар.
Дамир Шамильевич Kcell-ге 2022 жылдың қыркүйегінде Бас қаржы директорының орынбасары ретінде қосылды, ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Бас қаржы директоры міндетін атқарды.
Цой Ольга Вячеславовнаның ҚМЭиБ-де алған жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар.
Жалпы жұмыс өтілі – коммерциялық секторда түрлі салаларда 17 жыл, оның ішінде 13 жыл басқару позицияларында: 3 жыл FMCG және retail, 8 жыл телекоммуникация саласында, 3 жыл консультациялық бизнесте (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда