Алматы, 2026 жылғы 29 қыркүйек. «Кселл» АҚ (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, KCEL) халықаралық Moody’s Ratings рейтингтік агенттігінің эмитенттің Baa3 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингіне ие болғанын хабарлайды, бұл Fitch Ratings-тің ағымдағы ВВ+ деңгейіндегі рейтингінен бір сатыға жоғары.
Baa3 рейтингі инвестициялық санатқа жатады және Kcell тарихындағы ең жоғары халықаралық несиелік рейтинг. Бұл рейтингтің берілуі Компания дамуындағы маңызды белес және Kcell-дің нарықтағы мықты позициясын, тұрақты қаржылық жағдайын және қаржылық бейінін одан әрі жақсартудың болашағын, «Қазақтелеком» АҚ-мен стратегиялық қарым-қатынасын, сондай-ақ «Самрук-Қазына» АҚ тобына тиесілілігін және Компанияның Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы орнын көрсетеді.
Рейтингтің негізгі факторларының арасында Moody’s Kcell-дің Қазақстандағы (абоненттер саны бойынша) екінші ірі мобильді байланыс операторы ретіндегі мықты бәсекелестік позициясын, жоғары сапалы жиілік ресурсын, бүкіл ел аумағындағы желінің кең қамтылуын, 5G нарығындағы көшбасшылық позициясын, абоненттік база динамикасының жақсаруын және нарықтағы үлесінің өсуін атап өтеді. Агенттік сондай-ақ желіге құйылған инвестицияларды монетизациялау, кіріс пен EBITDA көрсеткішінің өсуі және инвестициялық бағдарламаның капиталды қажетсінуінің төмендеуі шамасына қарай алдағы бір-екі жылда Kcell-дің қаржылық бейінінің біртіндеп жақсаруын күтеді.
Рейтингтің маңызды факторы бақылаушы акционердің қолдауы және Kcell-дің Қазақтелеком мен Самұрық-Қазына тобына интеграциялануы болып отыр. Moody’s Kcell-дің Компанияға акционердің оптикалық-талшықты инфрақұрылымына қол жеткізу, конвергентті өнімдерді бірлесіп белсенді дамыту, кросс-сатылымдар мүмкіндіктері және қаржыландыру шарттарын жақсарту мақсатында жекелеген борыштық міндеттемелер бойынша кепілдіктер беруді қоса алғанда, қаржылық қолдау есебінен операциялық артықшылықтарды қамтамасыз ететін Қазақтелекоммен тығыз стратегиялық қарым-қатынасын атап өтеді.
Қорытынды рейтингті анықтаған кезде Moody’s сондай-ақ Самұрық-Қазына арқылы түпкілікті мемлекеттік бақылауды және Kcell-дің Қазақстанды цифрландыру, ұлттық ауқымдағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және байланыстың қолжетімділігін кеңейту жөніндегі негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін стратегиялық маңыздылығын ескереді. Агенттік қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан Kcell-ге төтенше қолдау көрсету ықтималдығын жоғары деп бағалайды.
«Moody’s агенттігінің компанияға Ваа3 инвестициялық деңгейіндегі алғашқы рейтингті беруі – Kcell тарихындағы маңызды белес және біздің бизнес-моделіміздің тұрақтылығы мен Компанияның Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін стратегиялық маңыздылығын тәуелсіз түрде растау. Біз цифрлық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттырудың негізін қалай отырып, 5G желісі мен инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асырудамыз. Біз «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының құрылымындағы жалғыз мобильді оператор бола отырып, Самрук-Қазынаның стратегиялық рөлін және біздің бақылаушы акционеріміз — Қазақтелекомның қолдауын жоғары бағалаймыз. Kcell-дің нарықтағы мықты позициясы, іске асырылып жатқан жобалардың ауқымы және топтың қолдауы Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін берік негіз қалыптастырады», — деп атап өтті «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Moody’s Kcell-дің өтімділігін оң бағалайды. Агенттіктің бағалауынша, қолжетімді өтімділік көздері Компанияның алдағы 12–18 ай ішіндегі борыштық міндеттемелерін, күрделі шығындарын және операциялық қажеттіліктерін өтеу үшін жеткілікті.
«Ваа3 инвестициялық санаттағы рейтингі – Kcell-дің қаржылық бейінін нығайту және қаржыландыру көздерін әртараптандыру бойынша біздің дәйекті жұмысымыздың маңызды нәтижесі. Біз «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ, «Нұрбанк» АҚ сияқты жетекші екінші деңгейдегі банктермен ғана емес, сонымен қатар жетекші даму институттары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен және Еуразиялық даму банкімен де белсенді ынтымақтастықтамыз, KASE және AIX капитал нарықтарында қарқынды жұмыс істейміз және әртүрлі қаржыландыру құралдарына қолжетімділікті кеңейтудеміз. Біз үшін ашықтық, корпоративтік басқарудың жоғары сапасы және инвесторлармен, несие берушілермен және рейтингтік агенттіктермен ашық диалог жүргізу аса маңызды. Жаңа рейтинг Kcell-дің қаржы нарықтарындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді және Компанияның одан әрі дамуын қаржыландырудың тиімді әрі теңгерімді құрылымын қалыптастыру үшін қосымша негіз жасайды», — деп атап өтті «Кселл» АҚ Қаржылық директоры Сабиғат Рахметов.
Берілген рейтинг бойынша тұрақты болжам желіге салынған инвестицияларды монетизациялау және алдағы 12–18 айда инвестициялық жүктеменің төмендеуі шамасына қарай Компанияның EBITDA көрсеткішінің біртіндеп одан әрі жақсаруы мен басқа да қаржылық көрсеткіштерінің нығаюына қатысты Moody’s күтілімдерін көрсетеді.
Алты айдың қорытындысы бойынша компанияның түсімі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға артып, 138,4 млрд теңгені құрады. Өсім, ең алдымен, тарифтік саясатты қайта қараусыз-ақ, мобильді интернет пен цифрлық сервистерді тұтынудың артуы, сондай-ақ абоненттік базаның кеңеюі есебінен қамтамасыз етілді. Компанияның операциялық тиімділігі нығаюын жалғастырды. EBITDA көрсеткіші 13%-ға өсіп, 53,8 млрд теңгеге жетті, ал EBITDA бойынша рентабелілік 38,9%-ға дейін ұлғайды. Таза пайда 7,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің нәтижесінен 40,5%-ға жоғары.
Сонымен қатар Kcell телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға инвестициялардың жоғары деңгейін сақтап отыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша күрделі шығындар 32 млрд теңгеден астам соманы құрады және олар қамту аймағын одан әрі кеңейтуге, жаңа базалық станцияларды салуға және байланыс сапасын арттыруға бағытталды. Компанияның абоненттік базасы 11,2%-ға артып, 9,05 млн клиентке жетті, бұл коммерциялық стратегияның тиімділігін, өнімділік портфелінің бәсекеге қабілеттілігін және компания қызметтеріне деген тұрақты сұранысты көрсетеді.
Бесінші буын желісін дамыту өсімнің негізгі драйвері болып қала беруде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Kcell желісіндегі 5G базалық станцияларының саны бүкіл Қазақстан аумағында 3034-ке жетті. Компания сонымен қатар ауылдық жерлерде заманауи байланыс қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуді жалғастыруда.
Компания телекоммуникациялық инфрақұрылымды белсенді дамытуды жалғастырды. Бірінші жартыжылдықта 650-ден астам жаңа базалық станция пайдалануға берілді, олардың жартысынан астамы 5G технологиясын қолдайды. Желіні жүйелі түрде кеңейту халықты 4G желісімен 91,37% деңгейінде, ал 5G желісімен– 64,29% деңгейінде қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Kcell-дің несиелік бағалауын тежейтін факторлардың қатарында агенттік ең алдымен 5G жобасын дамытумен және желіні жаңғыртумен байланысты ағымдағы жоғары инвестициялық жүктемені, белсенді инвестициялық цикл кезеңіндегі уақытша теріс бос ақша ағынын, сондай-ақ жүзеге асырылған инвестицияларды одан әрі монетизациялау қажеттілігін атап өтеді. Бұл ретте Moody’s инвестициялық бағдарламаның барынша капиталды қажет ететін кезеңі аяқталған сайын оң бос ақша ағынына көшуді және қаржылық көрсеткіштердің жақсаруын күтеді.
Kcell өзінің несиелік бейінін дәйекті түрде нығайтып келеді. 2017 жылы Fitch Ratings Компанияға алғаш рет тұрақты болжаммен BB деңгейіндегі ұзақ мерзімді несиелік рейтингті берді. 2020 жылы рейтинг BB+ деңгейіне дейін көтерілді. Moody’s тарапынан Baa3 рейтингінің берілуі келесі маңызды кезең болды: Kcell тарихында тұңғыш рет Компанияның халықаралық несиелік рейтингі инвестициялық санатқа жетті.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 64,29 % -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.