«Кселл» компаниясы өз желісінде LTE-құрылғыларының ең жоғарғы ену деңгейімен Қазақстанның аймақтары туралы мәліметтерді жариялады. Олар Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Павлодар қалалары.
Компанияның мәліметтері бойынша LTE-құрылғыларының ену деңгейі бойынша қалалардың арасында бірінші орынды Астана қаласы алады, онда бұл деңгей 25% құрайды, екінші орында 24,3% деңгеймен Алматы қаласы, Ақтауда 20% аздап жоғары құрайды, Атырауда 18%, ал Павлодарда 17,5%. Бұл ретте ауылдық жерлердегі смартфондардың ең жоғарғы ену деңгейімен аймақтарды бөлу біраз басқалай көрінеді. Бірінші орында Маңғыстау облысы келеді – 11,2%, екінші орынды Алматы және Атырау облыстары бөліседі – 9,9%, үшінші орында Ақмола облысы келеді – 9,6%, төртінші орында Павлодар облысы – 7,2% бесінші орынды 6,5 % ену деңгейімен Ақтөбе облысы алады.
«Кселл» желісінде LTE құрылғылары компанияның мобильдік интернет қызметтерінің барлық пайдаланушыларының 27% құрайды, бұл ретте мұндай құрылғылардың 95% құрайды. LTE қолдайтын смартфондардың 40% астамы – бұл iPhone, ал 38% – Samsung. Қалған мөлшері LG, HTC, Lenovo, Sony, Huawei және басқа өндірушілердің арасында бөлінген.
Қазіргі уақытта компания LTE желісін қосуға белсенді дайындықты жүргізіп отыр. «Кселл» абоненттерімен тестілеу үшін 24 астам LTE жоспарлық аймақтары Қазақстанның ірі қалаларында жұмыс істеп отыр.