Маусым айында «Кселл» компаниясының радиоинженерлері Қазақстанның 34 қалаларында оператордың желісінің байланыс сапасын тексерді. Драйв-тестердің нәтижелері «Кселл» желісінде интернет пен дауысты байланыстың тамаша сапасын көрсетті: жеке аудандарда деректерді таратудың ең жоғарғы жылдамдығы 35,5 Мб/сек жетті, ал «Кселл»-ден «дауыс» POLQA халықаралық алгоритмі бойынша оң жоғарғы 5 баллдың 4,45 деңгейінде болды.
Мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізу оператордың Қазақстанның барлық аумағы бойынша, ең шалғай жатқан елді мекендерді қамти отырып, байланыс сапасын жақсарту және кеңейту бойынша тұрақты жұмысының арқасында мүмкін болды. Маусым айында «Кселл» компаниясынан дауысты байланыс аймақтардағы тұрғындарының ең аз санымен 5 ауылдарда алғаш рет пайда болды, атап айтқанда – Ақтөбе облысының Никельтау ауылында (932 тұрғын), осы облыстың Украинка ауылында (341 тұрғын), Павлодар облысының Төртүй (566) және Баскөл (1108 тұрғын) ауылдарында, Батыс Қазақстан облысының Атамекен ауылында (936 тұрғын). Сондай-ақ 2G стандартының 2 базалық станциялары Атырау және Семей қалаларында орнатылған, олардың есебінен «Кселл» дауысты байланыспен қамту бұл қалалардың жеке аудандарында кеңейтілді.
Өткен айда шалғай орналасқан аудандарда тұратын тағы да бірнеше мың қазақстандықтар оператордың желісі арқылы алғаш рет интернетке қол жеткізді. Енді дүние жүзілік желі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Жасыбай курорттық аймағында, Павлодар облысының Жетекші ауылында (1732 тұрғын), жоғарыда аталған Украинка ауылында, Атырау облысының Қарабатан станциясында, Қостанай облысының 2947 адам тұрғындары санымен Садчиковка ауылында қол жетімді болды. Сондай-ақ 3G стандартының жаңа базалық станциялары Атырау, Ақтөбе және Семей қалаларының кейбір жерлерінде орнатылды.
Барлығы маусым айында компания екі стандарттың да 108 базалық станцияларын еліміздің 8 аймағында орнатты: Астанада, Алматыда, Шығыс және Батыс Қазақстанда, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында. Олардың ішінде 2G стандартының 47 станциялары және 3G стандартының 46 станциялары қосымша жабдықты қосу есебінен сигналды қабылдау бойынша күшейтілді.
Маусым айында компанияның абоненттерімен игерілген интернет-трафиктің жалпы саны 10 179 527 ГБ құрады.