activ ұсынған Bookmate жобасының аясында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша «Абай жолы» Қазнет блогерлері арасында ең көп оқылған роман болып отыр. Сауалнамаға қатысушылар сүйікті кітаптары мен өткен жылы оқыған туындыларының атауларымен бөліскен болатын.

Сауалнама аясында танымал қазақстандық блогерлерге бес сүйікті кітап және өткен жылы оқыған бес шығарманы атап беру ұсынылды*. Нәтижесінде «ТОП-5» сүйікті кітап тізімі келесідей түзілді.
Бірінші орынға Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», екінші орынға Михаил Булгаковтың «Майталман шебер мен Маргарита» романы ие болды. Үшінші орынға Джордж Оруэллдің «1984» атты кітабы орналасты. Төртінші және бесінші орындарды сәйкесінше Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасы» және Ильф пен Петровтың «Алтын бұзауы» иеленді.
Өткен жылы ең жиі оқылған бестіктің қатарына Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», Эрих Мария Ремарктың «Үш жолдас», Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» және Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» атты шығармалары енді.
Екі сауалнама бойынша аты-жөні ең жиі аталған жазушылар Мұхтар Әуезов, Эрих Мария Ремарк, Бердібек Соқпақбаев, Федор Достоевский және Шерхан Мұртаза болды.
Классикалық әдебиеттен бөлек блогерлер бизнес-әдебиет, IT, тарихи публицистика саласындағы шығармаларды да атап өтті. Мысалы, Ерлан Сәкенов, Марат Шәкен және Нұрлан Құлымбетовтардың кітапханасында «McDonald’s: Империя қалай құрылды» (авторлары: Рэй Крок, Роберт Андерсон), «Идея бар! ИКЕА тарихы» (авторлары: Ингвар Кампрад, Бертил Торекуль), «Нөлден бизнес бастау» (авторы: Эрик Рис), «Virgin стиліндегі бизнес» (авторы: Ричард Бренсон), «Google қалай жұмыс істейді» (авторлары: Эрик Шмидт, Джонатан Розенберг) секілді туындылар бар.
Ер-азаматтарға қарағанда қыз-келіншектердің таңдауы өзгешелеу болып шықты. Мәселен, Светлана Познякова, Марина Шарипова және Мадина Молдабаева берген жауаптардың ішінде Харпер Лидің «Құйқылжық торғайды өлтіру», Теодор Драйзердің «Американдық трагедия», Стивен Ковидің «Тиімділігі жоғары адамдардың жеті әдеті» атты шығармалары аталды.
Топ бестіктерге енген кітаптардың бәрін activ ұсынған Bookmate қосымшасынан оқуға болады.
activ ұсынған Bookmate қосымшасы оқырманға 12 тілде жаңа шығармаларды, бестселлерлерді, классиканы, романдарды, бизнес-әдебиетті қамтитын 650 000 кітапты ұсынады. Оның 4000-ға жуығы – қазақ тіліндегі туындылар. activ ұсынған Bookmate жай ғана кітапхана емес, қосымшаның ішінен достарыңыз қалдырған, сарапшылар және редакторлар ұсынған ең қызықты шығармаларды да табуға болады. Сервиске жазылу арқылы бір уақытта бірнеше кітапты оқу мүмкіндігі бар. Ашылған кітапты интернетсіз де оқи аласыз. Сондай-ақ қолданушылар алған әсерімен, шығармадағы дәйексөздермен бөлісе алады. Сервисті Kcell и activ абоненттері тәулігіне 19 теңге төлеп, пайдалана алады, ақы телефон балансынан алынады. Тегін тестілеу кезеңі – 7 күн.
«Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі бағыттағы әдеби шығармаларды оқу өте ыңғайлы. Қосымшада кітап дүкендерінің сөрелерінен кездестіре бермейтін туындылар бар, бұл да болса сервисің бір артықшылығы. Қосымша авторларының отандық контентке мән беріп, оны біртіндеп ұлғайтып, дамыта түседі деп үміттенемін», – деп атап өтті белгілі қазақстандық ақын Павел Банников.
«Қазақстанда Kcell-мен серіктестік орнатудан қателеспегенімізге қуаныштымыз: бұл жақта шын мәнінде халық кітап оқығанды жақсы көреді екен және осы жолда жаңа мүмкіндіктерді пайдаланудан да бас тартпайды. Қосымшаның белсенді қолданушылары күніне орта есеппен кітап оқуға 52 минут жұмсайды, ал бір сессияның орташа ұзақтығы 14 минутты құрайды, яғни қолданушылар қолдары босаған сәтте кітап оқуға отырады. Біздің мәліметтер бойынша, қазақстандық оқырмандар айына орта есеппен 4 жаңа кітап жүктейді», – дейді Bookmate атқарушы директоры Андрей Баев.
Bookmate пен activ брендінің ортақ жобасы Қазақстанда 2016 жылдың 5 ақпанында іске қосылды. Қазіргі күні 50 000 қазақстандық аталған сервисті пайдаланып, өз бағаларын беруде.
«Абоненттер үшін ең тиімді шарттармен ең үздік сервистерді ұсыну – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. activ ұсынған Bookmate қолданушылары бір шыныаяқ кофенің ақысына бір айы бойы ыңғайлы қосымша көмегімен әлемдік және қазақстандық әдебиеттің шығармаларын оқу мүмкіндігіне ие. Осыған дейін кітап оқудың мұндай форматын пайдаланып көрмеген жандардың өзі уақыт өте келе сервистің артықшылықтарын байқап көріп, бағасын береді деген сенімдеміз. Себебі activ ұсынған Bookmate жай ғана кітапхана емес. Қосымша – түрлі ұсыныстарды, қолданушылардың ойын, пікір алмасуды қамтитын әлеуметтік желі. Алдағы уақытта сервистегі қазақ тіліндегі шығармалар санын арттырып, қазақстандық мектеп бағдарламасындағы кітаптарды енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп ойын білдірді «Кселл» АҚ бизнестің жаңа бағыттарын дамыту бөлімінің жетекшісі Марат Садықов.
*Сауалнама барысында Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тұратын 31 блогердің жауабы алынды.