Әлемнің 35 Жоғары оқу орындарынан 129 қазақстандықтар AppStore және GooglePlay-де 55 мобильдік қосымашаларды жасады және іске қосты. nFactorial мобильдік қосымшаларды құру бойынша инкубатор 10 аптаға созылды және 13 тамызда аяқталды.
13 тамыз күні nFactorial active ұялы байланыс брендімен бірлесіп DemoDay өткізді, онда инкубатордың қатысушылары іс-шараның сараптамалық қазылар алқасына және қонақтарына өздерінің қосымшаларын ұсынды.
Таныстыру рәсімінде қазылар алқасының құрамында Энтони Эспина, «АТФБанк» АҚ басқарма төрағасы, ҚанышТулеушин, «Даму» қорының басқарма төрағасы, Рамиль Мухоряпов, Chocolife.me негізін қалаушы, Алексей Ли, Aviata.kz, Ticketon.kz сервистерінің бірігіп негізін қалаушы, Станислав Тян, «Кселл» АҚ бизнесті дамыту бөлімінің басшысы, Рахат Тұрлыханов, IT-стартап-жобалардың періште-инвесторы және қазақстандық бизнестің басқа да табысты өкілдері болды.
Олар таныстырылған мобильдік қосымшалардың неғұрлым келешекті ТОП-5 атап өтті:
- 1 орынды 2 қосымша бөліп алды – Piroq – нейрон байланыстардың көмегімен автомобильді жүргізу сапасын бағалайды және Joode – араб тілін үйрену бойынша онлайн-оқу құралы;
- 2 орын – Uaqyt, Қазақстанның мұсылмандарына арналған гид, ол ескертулер және кесте түрінде намаз оқу уақытын айтады;
- 3 орын – Auyrma, қымбат дәрілердің аналогтарын іздеу;
- 4 орын – AlmatyTour, Алматыдағы және облыстағы жаяу және тау саяхаттары;
- 5 орын – ShakeMake, «сипатта, суретін сал, көрсет» стилінде үлкен компаниямен үстел үстілік ойын.
Қалған әзірлемелер де танымал болып отыр, мысалы, «Жеті ата», шыққан тегіңді іздеу бойынша қосымша, What’sApp және SnapChat басып озып, қазақстандық AppStore-да жүктеп алу бойынша бірінші орында тұр.
«Біз бұл жобаның нәтижелерін көргенімізге қуаныштымыз, оларды шын мәнінде табысты деп атауға болады. 129 студенттер қызықты қосымшаларды жасады, маркетингтік ілгері жылжытуды әзірледі және өздерінің демалыстарын өз бетінше білім алуға арнады. Инкубатордың әрекет ету мерзімі бойына біз қатысушыларға тұрақты қолдау көрсетіп отырғанымызды атап өткім келеді. Арти Отс, «Кселл» бас атқарушы директоры, қатысушылар үшін қонақ дәрісін оқыды, әлеуметтік желілерде біздің корпоративтік беттерде жобаның қатысушылары, менторлары, қызықты факторлары туралы 50-ден астам посттар жарияланды, біздің жетекші маркетологтарымыз қатысушылар үшін қосымшаларды ақшалы ету бойынша екі маркетингтік сессияларды өткізді. Тап осындай жобалардың дарынды жастарды қазақстандық инновациялық өнімдерді жасауға ынталандыратындығын қоса кеткім келеді, сол себепті біз инкубаторға барынша қолдау көрсетуге тырыстық», – деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы.
Алайда 55 мобильдік оқытушы, әлеуметтік, ойын-сауық қосымшаларын іске қосу nFactorial менторларының ықтиятты жұмысынсыз мүмкін болмаған болар еді.
«Биылғы жылы біз инкубаторға қатысуға 700 өтінім алдық, олардың арасынан неғұрлым дарынды және батыл 100 жастарды іріктеп алдық. DemoDay– бұл жобаның шарықтау шегі, қатысушылардың күн сайынғы таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейінгі 10-апталық еңбегінің нәтижесі. Алғашқы төрт аптада 10-нан астам менторлар оларды бағдарламалау, дизайн және маркетинг негіздеріне оқытты. Ары қарай қосымшаларды жасау бойынша 6-апталық жұмыс жалғасты. Мұндай қарқынды бәрі бірдей көтере бермейді, сондықтан да қатысушыларға барлық 200% жұмыс істеу және DemoDay-де өздерінің – қазақстандық ІТ болашағы екендікдерін дәлелдеуге тура келді», – деп қосты Алмас Тұяқбаев, nFactorial мобильдік қосымшаларды жасау бойынша инкубатордың бірігіп негізін қалаушы.
Іс-шара соңында қазылар алқасының мүшелері жобаның финалының олардың күткендерінен асып түскенін мойындады. Олар қатысушыларға табыс тіледі және инкубатордың маңызды мақсатын – жастарға өздерін осы салада көрсетуге және өздерінің жеке қосымшаларын тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде ілгері жылжытуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстанда ІТ-қоғамдастығын көтеруді атап өтті!
Қорыта келе жобаның ұранын айтқымыз келеді: «Be so good they can’t ignore you!» (ағылшын тілінен аудармасы: «Олар сені елемей қоюға дәті шыдамайтындай, соншалықты жақсы бол!»).
Барлық 55 мобильдік қосымшалар туралы қосымша ақпаратты мұнда алуға болады: http://demoday.n17r.com/. Жоба туралы қосымша ақпарат мұнда және мұнда.