Алматы, 2016 жыл 31 тамыз – «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) – табыстың көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстан нарығында мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері өз акционерлері мен инвесторларына Қазақстанда LTE желісін іске қосу туралы ақпаратты хабарлайды.
Жоба әлемдегі LTE-технологиялар мен қызметтердің жетекші жеткізушілерінің бірі, «Ericsson» (NASDAQ: ERIC) компаниясымен серіктесе отырып, жүзеге асырылады. Төртінші буын желісінің қызметтерін алғашқылардан болып Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларының абоненттері пайдалана алады
VimpelCom (NASDAQ: VIP) құрамына кіретін, Kcell және Beeline Қазақстан арасында қол қойылған, 4G/LTE желісін бірлесіп, қолдану туралы келісімнің аясында (бүгін бөлек шығарымда жарияланды) Kcell абоненттері басқа тоғыз қалада 4G/LTE қызметтеріне қол жеткізе алады: Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Бурабай, Павлодар, Семей және Сәтпаев. Нәтижесінде 2016 жылдың аяғына дейін Kcell-дің 4G/LTE желісімен қамтуы Қазақстанның халқының 30 пайызынан астам бөлігін қамтитын 13 қалада қолжетімді болады.
4G/LTE Kcell желісі 800 МГц және 1800 МГц жиілікті диапазондарында жұмыс істейді, бұл ғимараттардың ішінде тұрақтырақ сигналды қамтамасыз етеді және мобильді Интернеттің сапасын бірталай арттырады. 4G/LTE желісі 100 Мбит/сек-ке дейінгі ең жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры пікірін білдіреді:
«2016 жылдың ақпанында біздің бірінші 4G/LTE пилоттық аймақтарымызды іске қосқан сәттен бастап, 200 000-нан астам бірегей абоненттер біздің төртінші буын интернет қызметтерімізді сынап көрді. Қазіргі уақытта Kcell клиенттерінің 25 пайызынан астамы 4G/LTE қолдайтын смартфондарды пайдаланады, сондықтан біз жаңа буын желісін іске қосатынымызға қуаныштымыз.
Kcell біздің клиенттеріміздің өмірінің сапасын арттыруды және ең жоғары халықаралық стандарттардың негізінде қызмет көрсетуді мақсат тұтады. 4G/LTE желісін іске қосу біздің клиенттерімізге ақпараттың үлкен көлемін тез және оңай бере және алмаса алатындай етіп деректерді беру жылдамдығын ең жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді».