Алматы, 2016 жыл 31 тамыз – «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), кірістердің көлемі мен абоненттік қоры бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында жетекші оператор және Beeline Қазақстан, Амстердамда штаб-пәтері және 200 миллион клиенттен асатын абоненттік қоры бар, телекоммуникациялық және сандық қызметтердің жетекші әлемдік провайдері VimpelCom (NASDAQ: VIP) бөлігі 4G/LTE желісін бірлесіп қолдану туралы келісімге қол қойды.
Желіні бірлесіп қолдану туралы келісім жақын жылдарда Қазақстанның барлық негізгі облыстарында 4G/LTE қызметтерін таратуға қатысты. Сонымен бірге, бұл екі компания арасындағы бәсекелестікті шектемейді. Екі мобильді байланыс операторы тиімділікті арттыру және жүзеге асыру процесін айтарлықтай тездету және сапасы жақсартылған қызметтерді ұсыну үшін 4G/LTE желілерін бірлесіп жоспарлайды.
Келісімге сәйкес, Kcell және Beeline Қазақстан жалпы ұлттық ауқымда 4G/LTE желісін бірлесіп, таратуды жүзеге асырады. Kcell жеті аймақта желіні құрады: Алматы және Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстары. Beeline Қазақстан өз кезегінде жеті аймақта желіні таратуға жауап береді: Астана және Ақмола облысы, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары.
Екі оператордың осы бастамасы оңтайлы тор бойынша географиялық бөлінумен 4G/LTE RAN Sharing технологиясына негізделеді. Географиялық бөліну дегеніміз екі оператордың әрқайсысы өзінің жауапты аймағына инвестицияларының жалпы көлемінің 50 пайызын құяды дегенді білдіреді. Желі орналасқан жері тұрғысынан базалық станциялардың өте ыңғайлы орналасуын, біріккен желі үшін ең жақсы қамту мен сервистің ең жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін өткізу қабілетін және инфрақұрылымды қамтитын болады.
Біріккен желіні екі оператордың өкілдерінен тұратын топ басқарады: Kcell және Beeline Қазақстан. Активтер осы белгілі аймақта желіні таратуды өзіне алатын операторға тиесілі болады.
Жобаның бірінші сатысы 2016 жылдың қыркүйегінде 13 қалада іске қосылады. Kcell төрт қалада 4G/LTE біріккен желісін іске қосады: Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау. Beeline Қазақстан LTE біріккен желісін Астана, Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Қостанай, Бурабай, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында іске қосады.
Біріккен 4G/LTE желісі 2016 жылдың аяғына дейін елдің халқының 30 пайызынан астамын қамтиды деп күтілуде.
Арти Отс, «Кселл» компаниясының бас атқарушы директоры атап өтті:
«Kcell және Beeline Қазақстан арасында 4G/LTE желілерін біріктіру туралы келісім бізге деректерді берудің жоғары жылдамдығын, жоғарырақ сапа мен жалпы ұлттық қамтуды қамтамасыз ететін 4G қызметтеріне біздің абоненттеріміздің жылдам қолжеткізуін ұсынуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы келісім акционерлер үшін де, клиенттер үшін де қосымша құндылықты жасау үшін операторлар өз күштерін біріктітеретін «со-opetition» дәуіріне Қазақстанның мобильді байланыс нарығының эволюциясының нақты көрінісі болып табылады.»