Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымы – бұл әрқашанда ымырасыз футболдың әсерлі, жан еліктірер көрінісі. Өршіл жаттықтырушылар, кәсіпқой ойыншылар, әсерлі жарыстар – activ TV-да футболдың әсіре жанкүйерлері футбол әлеміне сүңги алады.
activ TV мобильдік телевидениесінің пайдаланушыларында енді Ағылшын Премьер Лигасының (АПЛ) жарыстарын «Setanta Қазақстан» телеарнасында, өздеріне қолайлы жерде, смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден көре алу мүмкіндігі бар.
«Setanta Қазақстан» телеарнасында футболдың шынайы әуесқойлары АПЛ үш маусымы бойына қазақ және орыс тілдеріндегі комментарийлермен чемпионатты көре алады, жарыстарды екі күн бойына қайта қарап шыға, өздеріне ұнаған сәттерді қайта айналдырып көре және ойын кестесінің электронды бағдарламасының көмегімен алдағы ойындар туралы біле алады. Телеарнада футбол туралы превью, шолулар, аналитикалық және тақырыптық бағдарламалар да болады.
«Setanta Қазақстан» телеарнасының activ TV сервисінде ең жиі қаралатын телеарналардың ТОП-10 құрамына кіргені және activ TV-де қосылғаннан кейін екі апта өткен уақыт ішінде пайдаланушылардың арасындағы танымалдылығы бойынша 7 орынды алатындығы туралы атап өткен жөн.
«Setanta Қазақстан» телеарнасы 2016 жылдың қараша* айының соңына дейін activ TV сервисінің «Старттық» ТВ-пакетінің құрамына кіретін болады. «Старттық» пакеті үшін абоненттік төлем тәулігіне 7 теңгені құрайды. activ TV сервисіне алғашқы қосылу кезінде абонент «Старттық» пакетін үш күн абоненттік төлемсіз пайдаланады.
«Престиж 3, 5» тарифтік жоспарларына қосылған Kcell абоненттері үшін, сервисті пайдалану кезінде, «Старттық» пакетін пайдалану абонеттік төлемді төлеусіз беріледі, ал «Престиж 7,9» тарифтік жоспарларына қосылған Kcell абоненттері үшін «Оңтайлы» пакетіне қосылу 64 телеарналарды көрумен бірге, абоненттік төлемді төлеусіз ұсынылады. «Престиж 3, 5, 7, 9» тарифтік жоспарларымен Kcell абоненттері үшін айына 5 Gb дейін мобильдік интернет-трафик сервис шегінде тарифтелмейді.
«Активный Light, Start, Drive, Boom, PRO, Mini» секілді және басқа тарифтік жоспарларындағы activ абоненттері үшін интернет-трафик activ TV сервисінде тарифтелмейді, яғни телеарналарды қарау кезінде мобильдік интернет шығындалмайды.
activTV-мен бірге футбол әлеміндегі жарқын оқиғаның куәгері болыңыз!
*2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «SetantaКазахстан» телеарнасы жаңа «Элит Спорт» ТВ-пакетінде қол жетімді болады.