Алматы, 13 қазан, 2016 — «Кселл» Акционерлік қоғамы (ары қарай Kcell/Компания) (LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлес және абоненттер саны бойынша Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшысы 2016 жылы 21-ші қазанда 2016 жылдың қаңтар мен қыркүйек аралығындағы нәтижелер жайында есеп береді.
Kcell компаниясы телеконференцияны 2016 жылы 21-ші қазанда сағат 11:00-де (UK) / 16:00-де (Алматы) / 13:00-де (Мәскеу) ұйымдастырады. Телеконференция ағылшын тілінде өтеді де келесі сілтеме арқылы көрсетіледі: http://www.audio-webcast.com/cgi-bin/visitors.ssp?fn=visitor&id=4039
| Ұлыбританиядағы тегін нөмір: 0800 358 6377Стандартты халықаралық нөмір: +44 20 3043 2003Ресейдегі тегін нөмір: 8 800 500 9283Ресейдегі қоңырау шалу нөмірі: +7 495 213 1767АҚШ-дағы тегін нөмір: 800 263 0877АҚШ-дағы қоңырау шалу нөмірі: +1 719 457 2086 | |
| Конференцияны көру үшін құпиясөз: 3530252 |
Презентация конференция басталар алдында веб-сайтта орнатылады www.investors.kcell.kz./en
Телеконференцияның қайта көру мүмкіндігі келесі сілтеме бойынша: http://kcell211016-live.audio-webcast.com
Анықтама:
| Kcell | |
| Ивесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755Pressa@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Адриан Дюфил
Компания туралы
«Кселл» АҚ мобильді дыбыстық байланыс, қысқа хабарламаларды жіберу, мультимедиялы хабарламалармен алмасу, мобильді контент секілді (VAS) қосымша қызметтерді, сондай-ақ, мәліметтерді жіберу қызметі, оның ішінде Интернет желісіне қосылу секілді қызмет түрлерін ұсынады. Компания нарыққа басты тұтынушылары корпоративті клиенттер (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және жалпы нарық абоненттеріне ден қойған Activ секілді екі түрлі брендпен шығарылды. Компания Қазақстан Республикасының тұрғылықты аймақтарын толығымен дерлік қамтитын өзінің тарамдалған жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің негізінде қызмет көрсетуде.
Компания 2012 жылдың желтоқсан айында Лондон қор биржасында GDR (жаһандық дипозитарлық қолхат) және Қазақстан қор биржасында қарапайым акцияларды орналастыруды табысты түрде тәмамдады. GDR 10,50 АҚШ доллар шамасына және акция 1578,68 теңгеге бағаланды, бұл ретте 1 GDR бір акцияға сәйкес келетін. Бұл акцияларды қор биржасында орналастыру арқылы «Кселл» АҚ акционерлік капитал үлесінің 25%-на тең келетін TeliaSonera компаниясы арқылы акцияның 50 миллион данасын сату көзделген.
Болашақта «Кселл» АҚ Қазақстандағы мәліметтерді мобильді жіберу қызметінің сегментіндегі өзінің айрықша өсім потенцалынан пайда түсіруді жоспарлап отыр. Желілік қамтуды ұлғайту мақсатында, компания өзінің 3G желісінің дамуына инвестицияларды жузеге асыруды жалғастыра бермек, сондай-ақ белгіленген тәртіпте жоғары сапалы 4G стандартындағы байланыс қызметін ендіру де жоспарда бар. «Кселл» АҚ өзінің өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсыну арқылы өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын ұлғайта отырып, өз желісінің жоғары сапасын сақтай отырып және брендінің құндылығын арттыра отырып, табыс көлемі және абоненттер саны бойынша мобильді байланыс нарығында көшбасшы позициясында қала бермек.