4G/LTE желісін коммерциялық іске қосқаннан кейін «Кселл» компаниясының абоненттері қыркүйек және қазан айларында, төртінші буынды желіде деректерді табыстау қызметтерін тұтынуды ұлғайтып, 23 миллион гигабайттан астам деректерды қолданды.
4G/LTE желісін іске қосу Kcell және activ® абоненттеріне деректерді табыстау жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік берді, сондықтан осы желі коммерциялық іске қосылған сәттен бастап екі айдың ішінде интернет-трафиктің көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша интернет-трафиктің көлемі 11 миллион гигабайт асты, ал қазанда тұтыну 12 миллион гигабайтқа ұлғайды.
Мобильді байланыстың төртінші буыны мобильді Интернеттің жылдамдығын айтарлықтай көтерді. Компания деректеріне сәйкес, қазанда 13 қалада іске қосылған «Кселл» 4G/LTE желісіндегі интернеттің максималды жылдамдығы 75 Мбит/сек жетті.
«Біз өзіміздің абоненттерімізден 4G/LTE ұсынатын жылдамдыққа және қызметтерге орасан зор қажеттілікті көріп отырмыз. 1,4 миллионнан астам бірегей LTE-пайдаланушылар ақпаннан бастап қазіргі уақыт аралығында біздің компаниямыздың төртінші буынды желісі арқылы интернетке жоқ дегенде бір мәрте шықты. 4G/LTE желісі коммерциялық іске қосылғаннан бері үш айдың ішінде біз үлкен жұмыстар атқардық. Қазір біздің төртінші буынды желіміз 13 қалада қолжетімді, бұл халықтың 26% жабады, ал максималды жылдамдығы 75 Мбит/сек құрады. Біз барынша көп абоненттеріміз 4G/LTE жылдамдықтарында коммуникацияның жаңа мүмкіндіктерін қолданып көргенін қалаймыз. Бұл үшін біз «Престиж» тарифтік жоспарлар сызығында 4G желісіндегі лимитсіз интернетті пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар «mobi music»-те музыка тыңдауға және жүктеп алуға немесе «Bookmate»-те кітап жүктеп алуға лимитсіз мүмкіндік ұсындық*, – деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
Деректерді табыстау қызметтерінің сапасын бақылау – «Кселл» компаниясының басым міндеттерінің бірі болып қалады. Сондықтан Интернет байланыстың, сонымен қатар дауыстық қызметтердің сапасын өлшеу бүкіл Қазақстан бойынша жылына бірнеше рет өткізіледі. Соңғы тестілеу көрсеткендей, 3G желісіндегі мобильді Интернет жылдамдығының ең биік мәні 28 Мбит/сек жетті. Алматының айналасында, Боралдайда және Бағанашылда, сонымен қатар серіктес-қала Талғарда өткізілген «Кселл» дауыстық байланыс сапасының өлшемдері POLQA (ағылш. Perceptual Objective Listening Quality Assessment – Сөйлеудің естілетін сапасын бағалау) халықаралық стандарты бойынша максималды 5 балдан 4,4 балды көрсетті.Акциялардың әрекет ету мерзімдерімен және шарттарымен www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында танысуға болады