«Ел тұлғасы» («Имя Родины») жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы
«Кселл» компаниясының және Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен «Exclusive» мультимедиялық порталы «Ел тұлғасы» («Имя Родины») жалпыұлттық даус беру жобасын қорытындылады. Жеңімпаздарды құттықтау салтанаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында 14 желтоқсанда болып өтті.
Жоба бес айға созылды және 2016 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айы аралығында өтті. Дауыс беруге 403 мыңнан астам адам қатысты, бұл шамамен 2012 жылы ең алғаш дауыс берумен салыстырғанда төрт есе көп.
Дауыстардың барынша көп мөлшері «Ұсынылған кандидаттар» аталымдарына берілді – 63 мыңнан астам адам, «Қазақстан трихындағы ірі тұлға» – 57 мыңнан астам адам, «Спорт» – 53 мыңнан астам адам, «Жаңа есім» – 47 мыңнан астам адам, «Өнер және мәдениет» – 47 мыңнан астам адам, «Қоғамдық қызмет» – 46 мыңнан астам адам, «Ғылым» – 46 мыңнан астам, «Бизнес» – 40 мыңнан астам адам дауыс берді. Аталымдардың әрқайсысында өз қызмет саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген және біздің елімізде белгілі болған он қазақстандық ұсынылды.
Жоба идеясы қоғамдық қызметтегі, мәдениет пен өнердегі, бизнестегі, спорт пен ғылымдағы қызметі, жетістіктері және шығармашылығы тәуелсіз Қазақстан бейнесін қалыптастыратын барынша маңызды қазақстандықтарды таңдаудан тұратынын естеріңізге саламыз.
2016 жылғы «Ел тұлғасы» («Имя Родины») жалпыұлттық конкурстың халықтық дауыс беру жеңімпаздарының есімдері:
«Қоғамдық қызмет» аталымында жеңіске жеткендер:
- Сатпаев Досым – «үшін» 5960, «қарсы» 69
- Сырым Айдос – «үшін» 5784, «қарсы» 105
- Секербаева Жанар – «үшін» 5329, «қарсы» 72
«Бизнес» аталымында:
- Сейсембаев Марғұлан – «үшін» 5994, «қарсы» 52
- Ракишев Кенес – «үшін» 5127, «қарсы» 139
- Баталов Раимбек – «үшін» 5080, «қарсы» 57
«Өнер және мәдениет» аталымында:
- Рымбаева Роза – «үшін» 6497, «қарсы» 56
- Турсынов Ермек – «үшін» 6075, «қарсы» 57
- Беспаев Мейрамбек – «үшін» 6026, «қарсы» 63
«Ғылым және білім» аталымында:
- Адекенов Сергазы – «үшін» 8882, «қарсы» 50
- Жумадильдаев Аскар – «үшін» 5610, «қарсы» 75
- Ормантаев Камал-«үшін» 5073, «қарсы» 129
«Спорт» аталымында:
- Головкин Геннадий – «үшін» 6501, «қарсы» 20
- Абдумалик Жансая – «үшін» 5477, «қарсы» 9
- Ильин Илья – «үшін» 5231, «қарсы» 69
«Жаңа есім» аталымында:
- Жакипбаев Даулет – «үшін» 6022, «қарсы» 27
- Кабатов Турсунбек – «үшін» 5993, «қарсы» 56
- Кас Павел – «үшін» 5674, «қарсы» 44
«Қазақстан тарихындағы ірі тұлға» аталымында:
- Сәтбаев Қаныш – «үшін» 6024, «қарсы»5
- Уәлиханов Шоқан – «үшін» 5857, «қарсы» 6
- Молдағұлова Әлия – «үшін» 5694, «қарсы» 10
«Ұсынылған кандидаттар» аталымында:
- Жансерикова Айгуль – «үшін» 7066, «против» 95
- Оқапов Әли – «үшін» 6228, «қарсы» 151
- Баландин Дмитрий – «үшін» 5548, «қарсы» 49
Бұл жылы жаңалық енгізілді: «қарсы» дауыс. Әртүрлі аталымдарда кандидаттарға «қарсы» дауыс бергендердің жалпы саны 6169 адамды құрайды.