Алматы, 2016 жылдың 22 желтоқсаны – «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) – табыстың көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстан нарығында мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері өз инвесторлары мен акционерлеріне келесіні хабарлайды: Компанияның Директорлар кеңесі 18 ай мерзімге (дәл осындай мерзімге әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен) 26 (жиырма алты) миллиард теңге мөлшерінде несие желісі бойынша «Кселл» АҚ мен «Еуразиялық Даму Банкі» ХҚҰ (бұдан әрі – «ЕАДБ») арасында несиелік шарт жасауды, аталмыш шартқа сәйкес қаражатты кәдеге жаратуды мақұлдады.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Кселл ұялы дауыстық байланыс қызметтерін, сондай-ақ, SMS хабарламаларды жолдау, мультимедиялық хабарлама алмасу, ұялы контентке кіру сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сонымен бірге, дерек беру, оның ішінде Интернетке кіру қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер болып табылатын Kcell (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) және қалың бұқара қауымға бағытталған Activ. Компания қызметтерін жоғары сапалы ұялы байланыс желісі негізінде ұсынады, ол ҚР бүкіл аумағын тұтастай қамтиды..
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Компаниясы Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарды) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларды орналастыруды сәтті аяқтады. Бір GDR үшін 10.50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде баға орнатылды, бұл кезде, бір GDR бір акцияға сәйкес келді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акциясы көлемінде, яғни Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін акцияларды сатудан тұрды.
Болашақта Кселл Қазақстандағы мобильді ақпарат алмасу қызметі бөлігіндегі айтарлықтай өсу мүмкіндігінен пайда табуды көздеп отыр. Компания желінің қамту аумағын кеңейту үшін 3G желілерін дамытуға инвестиция салуды жалғастыруды және жоғары сапалы 4G қызметтерін тиісті түрде ұсынуды жоспарлап отыр. Кселл ұялы байланыс нарығында пайда көлемі мен абоненттерінің саны бойынша жетекші оператор орнын бәсекеге қабілетті бағалармен тауарлар мен қызметтер ұсыну, олардың санын арттыру, желінің жоғары сапасын қолдау және брендтің құндылығын көтеру арқылы ұстап тұруға ниетті.