Жаңа жылдық мереке күндері Kcell және activ® абоненттері әлемдік онлайн-байланысу трендіне ілесе отырып, жақындарын мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы құттықтады. 31 желтоқсаннан бастап 3 қаңтарға дейін оператор желісінде рекордтық 1 863 140 ГБ мәліметтер пайдаланылды.
2017 жылдың алғашқы бір сағаты ішінде «Кселл» компаниясының желісінде шамамен 20 мың ГБ интернет-трафик пайдаланылды, бұл 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Жаңа жылдың келесі үш сағаты ішінде мәліметтерді тарату көлемі 90,1 мың ГБ жетті, бұл өткен жылғы рекордтан екі есеге артық. Алғашқы 4 сағат ішіндегі интернет-трафиктің 19 мың ГБ-тан астамы 4G/LTE технологиясы арқылы таратылған.
«Ең жоғарғы деңгейдегі жүктемелерге дайындық – бұл желі сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Жыл сайын жаңа жыл мерекесі және жаңа жыл түні сапаны тексерудегі ең маңызды «емтихан» болып саналады, бұл сынақтан біздің компания жыл сайын табысты өтеді. Біз абоненттеріміздің бақытты және қуанышты сәттерінің бір бөлшегі болғанымызға қуанамыз, және барлық пайдаланушыларымызға 2017 жыл барынша көп жағымды оқиғалар мен сәттерге толы болуын тілейміз», – деп «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова атап өтті.
Компания абоненттері туыстары мен жақындарын «дауысты» байланыспен де құттықтағанын атап өткен жөн. 31 желтоқсаннан бастап 3 қаңтарға дейін абоненттер 413,9 миллионнан астам қоңырау шалған. Жаңа жылдың алғашқы сағатында 13,7 миллион қоңырау шалынған, бұл абоненттер белсенділігінің жай күндегі ұқсас уақыт кезеңімен салыстырғанда 7 есеге асатындығын көрсетеді. Орташа алғанда, Kcell және activ® абоненттері алғашқы сағатта секунд сайын 3,8 мың қоңырау шалған.
Осы төрт күн ішінде сөйлесулер минутының жалпы саны шамамен 575 миллионды құрады, бұл мыңдаған жылдарға немесе 10 ғасырға тең*.
Жаңа жыл түнінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің танымалдылығының артуына қарамастан, абоненттер белсенді түрде SMS те жіберген. Олардың саны 1,4 миллионнан асқан, және бұл жай күндегі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,5 есе көп. Бұл ретте жаңа жыл түнінде SMS хабарламаларды жеткізу жылдамдығы 6 секундты құрады. 31 желтоқсан күні және жаңа жылдың алғашқы сағатындағы табысты қоңырау шалулар пайызы 99 пайыздан жоғары деңгейді көрсетті.1 жылда 525 600 минут есебінен