2017 жылдың алғашқы үш айы ішінде «Кселл» компаниясының абоненттері мәліметтердің 42 миллион гигабайтын пайдаланды. 2016 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда мәліметтер трафигі 11,5 пайызға, ал 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 67,4% өсті.
2017 жылдың бірінші тоқсаны ішінде тек 4G/LTE желісінде Kcell және activ абоненттері мәліметтердің 10 млн. гигабайтын пайдаланды. Бұл трафиктің жалпы көлемінің 25% құрайды. Төртінші буын желісін тұтыну ұлғайғанын атап өткен жөн: қаңтарда 3,3 млн. ГБ, ақпанда 3,4 млн. ГБ, ал наурызда мәліметтерді қолдану 3,8 млн. ГБ дейін өсті.
«Біздің абоненттер жоғары жылдамдықты мобильді интернетке үйренген және де біз ай сайын төртінші буын желісіндегі мәліметтерді қолданудың ұлғайғанын байқаймыз. „Кселл“ компаниясы 4G/LTE желісін енгізу және жетілдіру жұмысын жалғастыруда, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 4G қызметін пайдаланушылардың 22% өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біз 4G-трафигінің өсу үрдісі болашақта сақталады деп күтудеміз, өйткені ұялы байланыстың төртінші буынының жылдамдығы ресурстарды ғаламдық желіде пайдалануға зор мүмкіндік береді»,— деп атап өтті «Кселл» АҚ аға атқарушы директоры Арти Отс.
«Кселл» компаниясының мамандары бүкіл ел бойынша интернет байланысы мен дауыстық қызметтер сапасын тұрақты түрде өлшеуді жүргізеді. 2017 жылғы бірінші тоқсанда компания инженерлері желі сапасын тексеру үшін шамамен 5 мың шақырымды жүріп өтті. Драйв-тесттер 4 қалада жүргізілді — Алматыда, Талдықорғанда, Қызылордада, Шымкентте және Таразда. Алматымен Шымкенттегі драйв-тест кезінде «Кселл» дауыстық байланыс сапасын өлшеу ең жоғарғы мәнді — халықаралық POLQA алгоритмін (ағылш. Perceptual Objective Listening Quality Assessment — естілетін сөз сапасын объективті бағалау) пайдаланумен MOS (ағылш. Mean Opinion Score — сөздің анықтығын орташа бағалау) шкаласы бойынша 5 баллдан 4,45 және 4,44 баллды көрсетті.