Алматы, 2016 жыл 14 маусым — түсімнің көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторы, «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Компания») (LSE, KASE: KCEL) 11 678 млн. теңге мөлшерінде жылдық дивидендті немесе бір қарапайым акцияға 58,39 теңге төлеу туралы хабарлайды (бір қарапайым акция бір ЖДҚ-ға сай келеді).
2017 жылдың мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (АЖЖЖ) 11 678 млн. теңге мөлшерінде жылдық дивидендті немесе бір қарапайым акцияға 58,39 теңге таза таюыстың 70 пайызын бөлістіру туралы шешім қабылдады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізмі 2017 жылдың 25 мамыры күнгі жағдай бойынша құрастырылды. Дивидендтер акционерлердің банк шоттарына сомаларды қолма-қол ақшасыз аудару арқылы бір төлеммен төленді.
Сұранымдар үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек, Эдриан Даффилд |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді ҚР бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.