20 — 30 маусым аралығында Алматы қаласында зияткерлік мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған «Camp Shriver» жазғы спорттық-сауықтыру лагері жұмыс істеді. Бұл шара «Special Olympics Kazakhstan» Қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды. «Кселл» компаниясы дәстүрлі түрде лагерьдің бас серіктестігі болды.
Биылғы жылы лагерьге мүмкіндіктері шектелген 70 бала,10 жаттықтырушы және 20 волонтер қатысты. Кішкентай спортсмендер: мини-футбол, бадминтон, баскетбол, бочче, флорбол сияқты спорттың 5 түрімен жаттығуға мүмкіндік алды.
Лагерьдің басты міндеті — әртүрлі спорт шаралары арқылы ойлау қабілеттері шектелген адамдарға позитивті қарым-қатынас қалыптастыру.
«Біз 10 жылдан бері „Special Olympics Kazakhstan“ Қоғамдық бірлестігінің серіктесі болып келеміз. Компаниямыздың қолдауымен биыл қарапайым отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ арнайы интернаттардың тәрбиленушілері спорттың жаңа түрлеріне үйренуге мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Осы 10 күн бойы балалар таза ауамен демалып, өздеріне жаңа достар тапты, қуанышты көңіл-күйге бөленді. Олар бұл әсерлерімен ұзақ уақытқа дейін бөліседі деп ойлаймын. Осындай әлеуметтік жобаларды қолдау — біздің компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі бағыттарының бірі», — деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» коммуникация бөлімінің басшысы.
*** Спешиал Олимпикс — бұл 1968 жылы Кеннеди (АҚШ) отбасымен құрылған, зияткерлік мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған спорттық жаттығулар мен жарыстардың дүние жүзіндегі ең үлкен, жыл бойына жұмыс істейтін бағдарламасы. Әлемнің 170 елінде бір миллиионнан астам адам 26 жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде жаттығады.
Дүние жүзінде «Camp Shriver» қозғалысы 1962 жылдан бері әрекет етіп келеді, ал Алматы қаласында алғашқы лагерь алты жыл бұрын өткізілген. Осы қысқа мерзім ішінде «Camp Shriver» қазақстандық зияткерлік мүмкіндіктері шектелген балаларға көмек және қолдау көрсету үрдісіндегі маңызды тізбекке айналып отыр.