2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Кселл» компаниясының төртінші буындағы желісінің қамтылуы 70% өсті. Осы уақыт ішінде 4G/LTE желісінде Kcell және activ абоненттері 18 миллион гигабайт деректерді пайдаланды. Бұл «Кселл» АҚ желісі трафигінің жалпы көлемінің 21% құрайды.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Кселл» компаниясының абоненттері 86 миллион гигабайт интернет-трафикті пайдаланды. 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда трафиктің жалпы көлемі 61% өскен. Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 42 миллион гигабайт пайдаланылса, екінші тоқсандағы бұл көрсеткіш 44 миллион гигабайтқа тең. Бұл ретте, интернеттің максималды жылдамдығы 156 Мбит/сек Алматы қаласында тіркелді.
«Мобильді интернет-трафиктің өсуі смартфондардың, бейне контенттердің енуімен және 4G/LTE желісінің қолдану аймағының кеңеюімен байланысты. Біз бұл үдеріс алдағы уақытта да сақталады деп есептейміз. «Кселл» компаниясы біздің клиенттердің талаптарына жауап беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеуді жалғастыруда. Бұған қоса, біз желілеріміздің технологиялары мен инфрақұрылымын дамытуды жалғастырып жатырмыз», -деп атап өтті «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры Арти Отс.
2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында Риддер, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Петропавл, Шемонаиха және Екібастұз тұрғындары жоғары жылдамдықты 4G/LTE мобильді интернетіне қол жеткізді. Өткен жылдың тамыз айында іске қосылу сәтінен бастап Қазақстан бойынша 20 қала байланыстың төртінші буынымен қамтылды.
Желілердің дамуымен бірге, сапаны үнемі бақылау және инфрақұрылымдарды тексеру мәселелері аса өзекті. Желілерді тексеруді пайдалануға енгізу сәтінен бастап бүкіл қызмет көрсету кезеңінде жүргізу қажет. Сондықтан, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Кселл» компаниясының инженерлері желі сапасын тексеру үшін 8 мың километр жол жүріп өтті. Драйв-тесттер бүкіл еліміз бойынша 32 қалада жүргізілді.