«Кселл» компаниясы корпоративтік клиенттерге аналитикалық зерттеу жүргізу және зерттеу нәтижелері бойынша геолокация картасы түріндегі есептерді ұсыну бойынша «Геолокация бойынша коммерциялық есептер» қызметін ұсынады. Бұл қызмет жаңа сату нүктесін немесе дүкенді, медициналық орталықты немесе мейрамхананы қай жерде ашқан дұрыс болатыны туралы шешім қабылдау қажет болған кезде, сыртқы жарнама және промо науқан үшін лайықты орын таңдау кезінде пайдалы болады.
Қызмет компанияның корпоративтік клиенттеріне өзінің бизнесін жоспарлауға көмектеседі, өйткені мұндай зерттеу олардың әлеуетті клиенттері мен тұтынушыларының локациясын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол немесе өзге локацияға жұмыс күндері, түнгі уақытта, демалыс және басқа күндері келу көрсеткіші туралы мәліметтер жиналады. Локацияға келу көрсеткіші берілген локациядағы тіркелген ұялы байланыс дабылдарының жалпы саны бойынша анықталады. Бұл ақпарат иесіздендірілген болып табылады және картаға салынады. Мұндай геолокация картасын бүкіл Қазақстан бойынша қалыптастыруға болады.
«Геолокация бойынша коммерциялық есептер» Қызметі” біздің B2B клиенттерімізге олардың клиенттері болатын нақ сол территорияда өздерінің бизнес-белсенділігінің тиімділігін арттыруға көмектеседі, осылайша бәсекелік артықшылыққа ие болып, сатылымның және бейілділікті жоғарылуына қол жеткізеді. “Біз халық ең тығыз орналасқан аудандарды болжаудың немесе таңдаудың орнына сіздің бизнес-белсенділігіңізді қай жерде жүргізуге болатынын нақты білуді ұсынамыз»,- деп «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.
«Кселл» корпоративтік клиенттері сондай-ақ қоңыраулар белсенділігі, роумингті немесе мобильді оператордың өзге қызметтерін пайдалануы бойынша мәліметтер негізінде олардың тұтынушыларының шартты «бейнесін» қалыптастыра алады.
Қызметті қосу сұрақтары бойынша pc@kcell.kz электрондық мекен-жайына жазыңыз немесе колл-орталыққа мобильді телефоннан 9099 нөміріне, сондай-ақ қала телефонынан +7(727)2587021 қоңырау шалыңыз.