«Кселл» компаниясының ішкі статистикасының мәліметтері бойынша Қазақстаннның B2B нарығы өз бизнес-міндеттерін орындау үшін смартфонды пайдаланғанды дұрыс көреді. Бұл ретте түймелі мобильді телефондар әлі де кеңінен қолданылады (44%)*.
Samsung смартфондары — компанияның бизнес-клиенттерінің аса көбірек пайдаланатын құрылғысы. Бұл ретте кәдімгі түймелі телефондар ішінде Nokia бұрынғыдай көшбасшы болып отыр.
1-сурет. Телефондар түрі

«Кселл-дің» В2В клиенттері арасында iOS операциялық жүйесін пайдаланушылардың ең көбі Алматыда тіркелді және олар солтүстік пен шығыста бәрінен аз. Бұл ретте 2015 жылдан бастап компания клинеттерінің бұл сегментінде iPhone смартфондарының саны сенімді өсіп келе жатқаны байқалады.
2-сурет. Өңірлердегі iPhone саны

Пайдаланушыларлың жартысына жуығы (44%) ең қарапайым телефонды пайдаланады. Түймелі мобильді телефондар саны бойынша Nokia мен Samsung-тан кейінгі үшінші орын LG маркасына тиесілі.
3-сурет. Еліміздегі мобильді телефондардың кең таралуы

Тағы да бір қызықты үрдіс — өндіруші-брендтерге адалдық. «Кселл-дің» ішкі статистикасының мәліметтері көрсеткендей мобильді телефонды бизнес-пайдаланушылар өз құрылғыларының брендін өте сирек өзгертеді. iPhone иелерінің 69% осы смартфонға адал болып қалады. Осындай үрдіс HTC, LENOVO, LG, NOKIA құрылғыларын пайдаланушылардан да байқалады,. Бұл ретте бұл маркаларды пайдаланушылар брендті өзгертуді шешсе, таңдау Samsung пайдасына тиеді.
4-сурет. Өңірлердегі брендтердің кең таралуы

Мобильді телефондардың қандай да бір түрлерін артық көру бойынша мәліметтер digital маркетингтік кампанияларды жоспарлау кезінде пайдалы болады, өйткені байланысты аса дәл және тиімді етуге мүмкіндік береді. Бұл компанияларға нарық пен аудиторияның статистикалық мәліметтерін талдауға мүмкіндік береді, оған олардың өнімдері мен шешімдері бағытталған және бұл өз кезегінде сатудың және аудитория адалдығының ұлғаюына ықпал етеді. «Кселл» АҚ компаниясыың мәліметтері бойынша мобильдік құрылғыларды пайдалануды талдауды және коммерциялық есеп беруді қарастыратын қызметті ұсынады.
«Мобильді құрылғылардың кең тарауын талдау мобильді телефонды өндірушілерге де сатушыларға, мобильдык қосымшаларды әзірлеушілерге де пайдалы. Ол нарықты жылдам бағалауға, тұтыну ерекшелігін және мақсатты аудитория әрекетін түсінуге көмектеседі. Біздің мәліметтер интернетті пайдаланушыларды ғана емес, әлі де тек дауыстық байланысты пайадалантындарды да қамтиды. Мұның талдама мен статистикадан ең негізгі айырмашылығы оларды іздеу-интернет-жүйелерінің сервистері ұсына алады» — деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Мобильдік құрылғыларды пайдалануды талдау негізінде коммерциялық есептер беру қызметі өнімдері мен шешімдері бағытталған компанияларға нарық пен аудиторияның статистикалық мәліметтерін талдауды ұсынады, бұл өз кезегінде сатудың және аудитория адалдығының ұлғаюына ықпал етеді. Коммерциялық есептер тек иесіз статистикалық ақпараттан тұрады.
Қызметке қосу мәселелері бойынша pc@kcell.kz электронды мекенжайға жазыңыз немесе 5869 нөмірі бойынша колл-орталыққа қоңырау шалыңыз.
* Мақаладағы Kcell корпоративтік клиентері бойынша мәліметтер 2015 жылғы желтоқсандағы мәліметтер.