ЦентрКредит Банкі Visa және MasterCard карталарынан төлемдерді қабылдай алатын K-Pay мобильді төлем терминалы арқылы транзакция жүргізу бойынша «Кселл» АҚ серіктесі. Ендігі жерде Банктің барлық КОБ клиенттері терминалды ЦентрКредит Банкінің желісіне мейлінше тез қоса алады.
Мобильді POS K-Pay бизнестің түрлі сегменттеріне бағытталған және компанияның таралу желісі бар жерлердің барлығында жұмыс істейді. Бұл Қазақстан бойынша 5000 астам елді-мекен. Терминалды «Кселл» компаниясының бөлімшелерінде сатып алып, артынша Банкке бару қажет.
“K-Pay көмегімен клиенттер қауіпсіз бизнеске, сенімді есептерге қол жеткізе алады және уақыттарын үнемдейді. Бұған қоса, әдеттегі POS-терминалдарға қарағанда бағаның төмендігін, оны пайдаланудағы ыңғайлылық пен жеңілдікті атап өткен жөн. Мобильді төлем терминалы карта ұстаушыларға қызмет көрсету есебінен сауда-сервистік кәсіпорындардың айналымдарын ұлғайтуға көмектеседі. Карта иелері үшін бұл — қауіпсіздік, ыңғайлылық. Себебі сатып алулар қолма-қол ақшаның сомасына тәуелді емес. Сатып алушылар үшін бұл шығындарды мобильді банкинг арқылы бақылау, чекті алу және тауарды қайтару мүмкіндігі”,- дейді ЦентрКредит Банкінің банктік карталар және қашықтықтан басқару банкингі департаментінің директоры Татьяна Попова.
Мобильді терминал Android және iOS негізіндегі құрылғылармен үйлесімді. Бұған қоса, төлемдерді жүргізу үшін іске қосылған трафик Kcell/activ брендтерінің абоненттері үшін тарифтелмейді.
“Біз клиенттерге ыңғайлы және өзекті өнімдерді ұсынуға әзірлік танытқан Қазақстанның жетекші банктерінің бірімен ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз. Қазақстанда қолма-қол ақшаға айырбастау әлі де өте жоғары. Алайда бұл адамдардың пластик картасын қолданғысы келмейтініне байланысты емес, бұл оны барлық жерде қабылдай бермейтінімен байланысты. Сол себепті технологияларды жетілдіру, қызметтердің сапасын қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізудің қолжетімділігін көтеру қажет. ЦентрКредит Банкімен арадағы ынтымақтастық еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау санын ұлғайтатынына үмсіттенеміз«,- деді «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры Арти Отс.
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша Қазақстанда төлем карталарын қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу көлемі өсіп келеді. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша айналымда 16,6 млн. төлем карталары бар, ал карталарды ұстаушылардың саны- 14,9 млн. адамды құрап отыр. 2017 жылдың мамыр айында қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдалану арқылы жүргізілген транзакцияардың көлемі 1 096,7 млрд. теңгеге жеткен. 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32,5%* өскен.
K-Pay үйлесімді телефондар мен сату, сервис орталықтарының мекен-жайлары туралы ақпаратты келесі сілтемеден толық білуге болады.